Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтарға жеке табыс салығы (ЖТС) қалай есептелетінін айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зейнетақы жинақтарын алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салудың жеке тәртібі көзделген.
- БЖЗҚ уәкілетті операторға аударған кезде - бір рет;
- БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) ұстап отырады.
Салымшының жеке зейнетақы жинағының сомасы = 8 500 000 теңге; жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге; біржолғы зейнетақы төлемі = 5 000 000 теңге (8 500 000 - 3 500 000). Салықты ұстап қалудың бірінші әдісі: есептелген жеке зейнетақы жинағының сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10 пайыз = 500 000 теңге; ұстап қалатын және бюджетке аударылатын ЖТС сомасы = 500 000 теңге; біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі табыс сомасы = 4 500 000 теңге (5 000 000 - 500 000). Салықты ұстап қалудың екінші әдісі: есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10 пайыз = 500 000 теңге; біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі табыс сомасы = 5 000 000 теңге.Кейінге қалдыру тәсілімен салықты ұстап қалудың екінші жолын таңдағанда, одан кейін болған жағдайлар бойынша ЖТС ұстап қалуға жекелеген ережелер белгіленген:
- Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде - зейнетақы төлемі сомасынан бір рет;
- зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымдарына аудару кезінде - зейнетақы төлемі сомасынан бір рет;
- қайтыс болған жағдайда - мұрагерлермен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарымен бір мезгілде ұстап қалады.
Related news