Біз бауырға басқандар бізді басынбасын

4961
Adyrna.kz Telegram

Facebook әлеуметтік желісінде қоғам белсендісі Ася Асеткина өзінің парақшасында қазақ-дұнған қақтығысына байланысты негізгі себеп туралы жазған Ұлжалғас Жақсылыққызының жазбасымен бөлісті. Масаншы ауылындағы ұлттар арасындағы қақтығыс қалай шықты? Осы сұраққа жауап беретін сол жазбаның толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

«Мен – Ұлжалғас Жақсылыққызы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылының тұрғынымын. Қақтығыс болған Масаншы ауылынан, 37 шақырымда орналасқан Еңбек, Қарасай батыр деген қазақтың екі ауылы бар. Ал Масаншы мен Сортөбе бізге тиіп тұр. Мал сатсақ та, ас-ауқат алсақ та, құрылысқа керек-жарақ алсақ та күн демей, түн демей осы Масаншы, Сортөбеге барамыз. Аудан орталығы Қордайға да осы екі ауыл арқылы қатынаймыз. Интернетті қарасам, екі ұлт арасында болған қақтығысты әркім әр-түрлі саққа жүгіртіп таратып жатыр. Құдды бір, бәрі өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстағандай-ақ.

Ия рас, өте қорқынышты, қауіпті жағдай болды. Сол күні үрейден таңға дейін ұйықтаған жоқпыз. Жастарымыз тұрмақ үлкен ел ағалары да өре түрегелді. Еркек кіндіктілер үйлерінде тыныш жайбарақат отыра алмады. Себебі бұл бірінші рет болып отырған қақтығыс емес. Жылдар бойы, айлар бойы жиналған ерегіс, қақтығыстың шиеленісі болатын. Қазақ ешқашан ешкімнің ала жібін аттап, бөтендерді сыртқа теуіп, теріс қабақ танытқан халық емес. Қашанда қабағы оң, жатқа құшағы ашық, дастарханы мол жаны жайсаң елміз. Тарихқа сүйенсек Ата-бабаларымыз 19-шы ғасырда осы дұнғандар жер аударылып қуылғанда ешкім, ешқандай ұлт құшағын ашпай, еліне, жеріне кіргізбей қойғанда жандары ашып, бауырларына басып, жер беріп, тамақ беріп, аман алып қалған екен. Сол кезде осы Сортөбе аты айтып тұрғандай соры, тұзы бетіне шыққан адам баспақ түгілі мал жайылмайтын жер болған деседі.

Бабаларымыз өзара ақылдаса келіп осы жерді беріпті-мыс. Не үшін тек осы жерді берген деген сұрақ туындайды. Себебі бабаларымыз сол кезде-ақ білген бұл дұнғандардың пасық, қара ниетті екенін. Ауқат қылып кете алмас, соры шыққан жерде өздері-ақ құрып жоқ болар деп ойлаған шығар, кім білсін. Кейін олар өсе келе жерді кеңейтіп ұлғайтқан. Қазіргі Масаншы кейін берілген атауы ауылға. Бұрындары қазақтар ол ауылды "Қарақоңыз" деп атаған. Ауылдың аты айтып тұрғандай олар қара қоңызша қаптап соры шыққан жерге малдың тезегін төгіп, қиын тасып, тырмалап көкөніс егіп, өсіріп күн кешкен. Еңбекқор екендері рас. Ол жағына ешкім таласпайды. Әйтеуір көктем басталғаннан бір қар түскенше жандары тынбай жер шұқылайды.

Кейінгі 15-20 жылда бұлардың өкпесіне артық жел бітті. Көбейген сайын құтырды. Қазақтарды адам құрлы көрмеуге кірісті. Жандарында бір шақырымда отырған Қаракемер ауылының тұрғындарымен талай жанжал болды. Одан басқа екі жыл бұрын дұнғанның баласы осы Қаракемердің кішкентай баласын зорлады. Екі ай бұрын мектепте мұғалім болып жүрген екі жігітімізді дұнғандар жабылып тепкілеп кетті. Енді міне жастарды қойып ақсақал қарияларымызға да қолдары тиіп, қорлады. Тағы басқа естілмей жатқан сорақылықтары қаншама...

Бұлар есірді. Балақтағы бит басқа шықты деген осы. Күшік кезінде сүт беріп асыраған күшігіміз өз еркімен сүйек мұжығанға шамасы келгенде өзімізді қапты.

Осыларды естіп анық-қанығына жететін билік бар ма бізде?! Өкінішке қарай, жоқ! Әділдік жоқ бізде. Керісінше қазақ қазақты көрге сүйрейді. Соны көріп отырған басқа ұлттар не істемейді сосын?! Көздеріңізді ашыңыздар, ояныңыздар, жан-жақтарыңызға анықтап қараңыздар! Өзімізді өзіміз қолдамасақ осылай тістегеннің аузында, шоқығанның тұмсығында кетіп жоқ боламыз. Өз басым өзім үшін емес өсіп келе жатқан балаларым үшін, жас ұрпақ үшін қорқамын. Қазақ жігіттері талай жылғы жиналған түйінді шешті. Енді соны әділ тарқату билікке қалды. Алла тағалам сәтін салсын!"

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер