Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры халықаралық фестивальдерде жоғары жетістікке жетті

131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/umFRELO6E9wP1yEZZXmCREdTAQjuDEjUcgLFTJpm.jpg

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры халықаралық мәдени кеңістікте тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді. Театр ұжымы екі халықаралық театр фестиваліне қатысып, жоғары кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігін танытты.

Фестиваль қорытындысы бойынша театрдың өнері халықаралық сарапшылар мен көрермендердің жоғары бағасына ие болып, ұжымға алдағы уақытта өтетін беделді театр форумдарына арнайы шақыртулар берілді. Атап айтқанда, театр 2026 және 2027 жылдары ұйымдастырылатын халықаралық театр фестивальдеріне қатысуға ресми түрде шақырту алды.

Бұл жетістік – отандық қуыршақ өнерінің халықаралық деңгейде мойындалуының айқын дәлелі. Сонымен қатар, қазақ мәдениеті мен өнерінің әлемдік сахнадағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры ұлттық өнерді дәріптеу, мәдени байланыстарды нығайту және халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмысын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Пікірлер