Бекболат ҚАРЖАН.Әлем ғалымдары квантты санаға ауысатын заманды жақындатып жатыр

2195
Adyrna.kz Telegram
Әлемді компьютерлендірудің жаңа ғасыры басталды.
Біздің бұрынғы бала кезімізде айтылатын ертегідегі ұшатын кілемдер қазіргі уақытта түкке алғысыз иллюзиялардың қатарында қалды. Алдағы 100 жылдықтарда  адам баласы үшін Марсқа, Айға барып келу аса қиындық тудырмауы да мүмкін.
Әлем ғалымдары квантты санаға ауысатын заманды жақындатып жатыр. Халықаралық ғылыми "Nature Nanotechnology" басылымы квантты сана жайында жаңа ғылыми деректерді жарыққа шығарды. Голландияның Radboud University Nijmegen университетінің физиктері квантты сананы іске қосудың ең алғашқы қадамдарын жасады. Олар жекеленген атомдар мен нейрондардың арасындағы желілі байланысты тапты. Мұны адам миының ішінде іске асыруға болатынын анықтады. Ғылымдағы ең терең әрі құпия сала осы квантты сана мен физикадағы квантты адасу болып келген еді.
Квантты сананың да дәуірі басталған сияқты. Бұл ғылыми тартыс осы уақытқа дейін әлем ғалымдары арасында дау туғызып келген еді. Енді ғылымдағы нағыз фундаментальді ізденістің кезеңі басталды деп жатыр ғалымдар. Жасанды интеллект саласында квантты сананы өмірге келтіру ғылымдағы нағыз жетістік болайын деп тұр.
Қазіргі компьютерлер кешенді бағдарламалар арқылы жұмыс жасаса, алдағы уақыттағы компьютерлер өздігінен жұмыс жасауға көшетін болады. Әрі олардың ақпаратты сақтауы мен сыйымдылығы әлдеқайда кең болғалы тұр. Ғалымдар 2050 жылға дейін Жапонияның өндіріс саласы толығымен робототехника мен өздігінен жұмыс жасайтын автоматтандырылған жүйеге өтеді деп жатыр. 2050 жылы Жапония роботтардың басқарылуына өтеді.
21-ші ғасыр - қазіргі адамзат өркениетіндегі технология дамуының шарықтау шегіне жеткен ғасыры!
Әлем қайда барады, қазақ қайда барады?
Бұл ғасырда ғылымы мен технологиясы жоқ елдер технологиялық отарға айналары сөзсіз.
Бекболат ҚАРЖАН, 
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер