«Ауыл» партиясының 122 мүшесі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды

2051
Adyrna.kz Telegram

Елордада «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2020 жылғы «Еңбек адамы – ел тірегі» әлеуметтік бастамасының қорытындысын шығару бойынша салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, мәдениет, спорт және басқа да салаларды дамытуға елеулі үлес қосқан партия мүшелері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

«Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Ә. Бектаев партия мүшелерін алған наградаларымен құттықтай отырып, партияның XVI съезінде еңбек адамының мәртебесін арттыру, қоғамда жұмысшы мамандықтарына оң көзқарас қалыптастыру және ауыл еңбеккерлерінің беделін көтеру мақсатында «Еңбек адамы – ел тірегі» атты саяси бастама бекітілгенін атап өтті. «Біз еңбек адамы еліміздегі ең құрметті және танымал жан болуы керек деп санаймыз. Еңбекқор адамды жоғары жалақы, сыйақы және барлық жеңілдіктер арқылы көтермелеу керек. Біз «Ауыл» партиясы ретінде еңбек етуші адамның беделі мен танымалдығын арттыру жөніндегі барлық шаралардың бастамашысы болуға тиіспіз. «Еңбек адамы - ел тірегі» инициативасы аясында партия филиалдары түрлі марапаттарға ие болған партия мүшелерімен көптеген кездесулер мен шеберлік сыныптарын өткізді. Өткен жылы карантиндік шаралардың күрделілігіне қарамастан, біз еңбек адамдары туралы 6 бейнеролик түсірдік және оларды әлеуметтік желілер арқылы тараттық. Партияның осындай игі бастамалары кәсіпті енді ғана игере бастаған жастар үшін патриоттық тәрбие береді деп үміттенеміз».

Айта кетейік, «Еңбек адамы – ел тірегі» бастамасы аясында соңғы төрт жылда «Ауыл» партиясының 700-ге жуық мүшесі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. 2020 жылы партияның бес мүшесі «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» мемлекеттік наградаларының иесі атанды және 117 партия мүшесі министрліктердің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Бүгінгі таңда партияның барлық филиалдарында «Еңбек адамы – ел тірегі» әлеуметтік бастамасының жылдық қорытындылары шығарылып, марапаттау рәсімдері өткізілуде.

Өз кезегінде, марапатталғандар партия төрағасы мен Саяси Кеңесіне үлкен алғыстарын білдіріп, ел игілігі үшін табысты жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізуде.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық

патриоттық партиясының 

баспасөз қызметі

8 701 055 25 52

auyl-pressa@mail.ru

 

 

Пікірлер