Наразы жұртты бір ауыз сөзбен таратқан

3129
Adyrna.kz Telegram

Сардана Авксентьева — екі жарым жыл бұрын Якутск қаласының мэрі болып сайланған. Ол — Губернатор қолдаған "Единая Россия" партиясының мүшесін сайлаудан жеңіп шықты. Өзі ешқандай партияда жоқ адам.

Орнына отыра салып әкімшіліктегі қызметтік қымбат көліктерді сатып, ақшасын қаланың қазынасына құйды. Әкімшілік қызметкерлерін таксиге отырғызды.

Саха халқының көптомдық сөздігін шығарды. Ол Саха руханияты үшін бұрын-соңды болмаған жаңалық болды. Қазақ, Түрік, Әзербайжан ғалымдары оған қолдау білдірді.

Ел алдында үнемі Саха тілінде сөйледі.

Сапасыз жұмыстар жасаған компаниялармен келісімшартты бұзды, шығынды қайтартты.

Кәбинетіне — Наурыз мейрамын тойлап жатқан Саха халқының суретін ілгізді. Бір журналистің: — Сіздің кәбинетіңізде неге Путиннің суреті жоқ, оның орнына мына халықтың суреті ілініп тұр?— деген сұрағына; — Маған жұмысты кім беріп отырғанын үнемі есімде ұстау үшін,— деп жауап берді.

Конституцияға түзетулер енгізуге жалғыз қарсы шыққан адам болды.

800 дей көп қабатты үйді қайта жөндеуге кіргізді.

4000 отбасыны жаңа баспанамен қуантты.

Өзін қонақ қылу үшін 1 млн рубльге дастархан жайған шенеунікті жұмыстан босатты.

Халықтан түскен арыз-шағымдарды бірін қалдырмай оқып, инстаграм парақшасына салып отырды. Осыған орай басқа қызметкерлер де жұмыс жасайтын болды.

БАҚ- на кететін шығынды 65 млн нан 32 млн ға азайтты.

Әкімшілік қызметкерлерін екі есеге қысқартты.

Бір жыл бұрын Қырғыз азаматы жергілікті жерде бір қызды зорлап, он мыңға тарта адам мигранттарға қарсы митингке шығады. Ашулы топтың алдына шығып: бір қылмыс үшін бір адам кінәлі ме, жоқ, тұтас ұлт кінәлі бола ма. Якутияда осыған дейін 292 әйелге зорлық көрсетіліпті, соның үшеуін ғана шет ел азаматы жасаған. Бұл үшеуі қатаң жазасын алды. Ал, өзімізді қайтеміз, өзіміздің тәрбиемізді не істейміз, өзіміз аямасақ, өзіміздің әпке—қарындастарымызға қамқор болмасақ, бізге кімнің жаны ашиды? — деп ашуға булыққан топтың арынын басып, бір жағынан мигранттарды да қорғап қалды.

Бос уақытында халықтың тұрмысын тексеріп, қала аралады.

Қалада он жылдан бері қордаланып, алдыңғы басшылары шеше алмаған мәселелерді екі жарым жылда шешті.

Қала халқы алаңға арнайы шақырып, өздерінің ризашылықтарын білдіріп "Халық Алғысы" деген алғыс хатпен марапаттады.

Ол туралы АҚШ тың әлемге танымал газеті "The New York Times и The Economist" мақтап мақала жазды.

Екі апта бұрын бүкіл Саха халқы құрметтеген "Таза адамдардың басшысы" деп атап кеткен — Сардана Авксентьева өз еркімен орнынан кетті.

"Әкімшілік ғимаратын мұқтаж отбасыларға беріп, өзіміз қарапайым ғимаратқа көшеміз" деген мақсатына ғана жете алмады.

Әлемнің бір шетінде жүрсе де, жақсы адамдардың бары жаныңды жылытады. Аман болсын!

Айбек ЕРЕЖЕПТІҢ жазбасынан.

Пікірлер