КТК арнасынан берілетін «Астарлы ақиқат» ток-шоуы кешелі бері жұрттың жаппай ренішін тудырып, «жабылсын!» деген талап қоюына түрткі болды. Көрерменнің бұлай талап қоюына ток-шоуда көрсетілген «Қайын ата, қойын ата» атты шығарылымы себеп болған деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Мәселен, Facebook әлеуметтік желісінде «Астарлы ақиқаттың» ардан аттап, алыстап бара жатқанын тілге тиек еткен әлеумет бұл бағдарлама ұлттық тамырымызға балта шабуға кірісті деп дабыл қағуда. Назарларыңызға бірнеше азаматтың пікірін өзгертусіз ұсынып отырмыз.
Халқым ренжімесін. КТК телеарнасындағы, "Астарлы ақиқат" бағдарламасын көріп, Қасиетті Түркістанда азғындар тұра ма деп қаласың?
Кәмлет жасқа толмаған қызды зорлаған, енесі мен келіні дүние бөлісе алмаған, тағысын тағы. Енді бүгінгі шығарылымы тіптен сұмдық. Қайын атасы келінімен төсектес болып, қашып кеткен. Не деген сұмдық. Мен ашудан өз ойымды жеткізе алмай отырмын.
Сонда Түркістан облысында қоғамдық тәрбиемен айналысатын ешкім жоқ па? Ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелеріміз қайда? Әкімшілік қайда? Бұндай бағдарламалардың түсірілуіне неге жол бересіздер?
Астарлы ақиқаттың редакторы мен жүргізушісі хайп па, әлде осындай сексуалды тақырыптардан кайф аласыздар ма? Неге кейіпкерлердің көбі оңтүстіктен? Сонда ол жақта өңшең сексуалдық сипаттағы проблемалар ғана барма екен? Намысты жастар қайда? Астарлы ақиқат бағдарламасына шектеу қою керек!
Дина Төлепберген рейтинг үшін өлдің бе? Кім жазып берсе де 18 млн халықтың алдында ұятсыз сұрақтарды қалай қоясыз, аузыңыз қисаймай? "Назакат, айтып берші Керім екеуің қалай болдыңдар?" деп қайта-қайта сұрайды. Сонда ол қандай жауап естігісі келіп тұр... К..ттің проблемасы КТК каналының өзектілігіне айналғандай. Бүгінгі қойын ата тақырыбындағы бағдарламаны көріп жағамды ұстап отырмын. Ешқандай мән-мағанасы жоқ, арсыз бағдарлама. Мен ертең көрсетілетін бағдарламаның жалғасын көрсетілуге қарсымын».
Венера Рахимбекова: Дұрыс айтасыз,ар-ождан жұрдай бағдарламаларды жабу керек,не тәлім-тәрбие береді.Оданда халықтың бас ауыртатын басқа проблемалары көп емес пе.Мен өзім осындай бағдарламаларға түбегейлі қарсымын
Жанар Жунисова:Жаман ұялдым балаларымнан.Өте ұят бағдарлама.Жақсы жағын айтпай,жеке бастың проблемасын қозғап Түркістан сияқты керемет шаһардың қадірін кетіріп жатқанын байқамай ма?Неше түрлі адам бар қоғамда,олардың ақыл-ойларының саяздығына,мәдениеттерінің төмендігіне бола Басқа Түркістандықтарға көзқарасты өзгертіп жатыр.Әлде Түркістанға деген жаман пікір қалыптастыру ма мақсаттары.Кейін Астана болсын деген кезде,бәрі қарсы болып өре түрегелсін деген оймен жасап жатыр ма?
Омирбай Дозанов: Бұлда бір стратегия емеспа
Ойлап қараңдаршы
Қанымыз таза қазақпыз дегендерге факт көрсетіп жатқан жоқпа,
Қаймағы бұзылмаған қазақтың арасына іріткі салу емеспа.
Қалаулым мен
Осы Динаның көрсетулеріне шектеу неге қоиылмаиды.
Бақытты Денсаулыққызы:Қай ұлт болмасын, ертең бағдарламаның 2 -бөлімі көрсетілмесін. Ол жерде енесімен болғандығы туралы азғындық айтылады екен. Кімнің дауысы жетеді, айтыңыздаршы. Білмеймін, Түркістан облысының мәдениет басқармасы немесе ішкі саясат бағдарламасына айту керек шығар. Сәкен Майғазиевке де жеткізу керек. Тоқтау қойсын.
Бикан Кадылжанова:Ақиқатты айтамын деп , қазақтың жастарын бүлдіретін,келешек ұрпақты арсыздыққа итермелейтін шоуға айналды. Сіз қазақтың өз салт дәстүрі ,ұстанымы барын біле тұра ,шет елдің бағдарламасының көшірмесін тықпалайсыз,мықты болсаңыз ,көркейтемін ,қазағым десеңіз сол өз ұлтымызға сай жаңа туынды бағдарлама жасаңыз .Қарсымын мынадай бағдарламаңызға.
Акнур Туркестанбаева:Қарсымын, мән мағынасы жоқ, көрпенің астындағы тірліктен басқа айтары мен көрсетері қалмаған сияқты. Соған кейіпкерлерде ұялмай шыға береді. Шамасы ақша төленсе керек. Қазір қоғам ақша табуды ғана ойлап кетті ма дейсің. Елдің осындай төмен деңгейге жетуін қарастыратын адам жоқ.
фото ашық дереккөзден алынды.