Елімізде орташа айлық жалақы 233 136 теңгені құрады

3549
Adyrna.kz Telegram

2020 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 233 136 теңгені құрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атаулы жалақы индексі 2019 жылғы тиісті тоқсанына 114,3%, ал нақты жалақы индексі 106,5% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 472,2 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 422,6 мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 379,9 мың теңге (1,6 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 318,6 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша - 145,7 мың теңге және ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 147,7 мың теңге белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында – 377,4 мың теңге белгіленді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,6 есе жоғары. Түркістан облысында оның көлемі - 166,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 28,5%-ға төмен.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер