Қыдырәлі Болманов: Масқара! Қауіпті!

48145
Adyrna.kz Telegram

Су жаңа парламент депутаттары балалардың құқығын қорғауға қатысты жаңа заңды қарамақ. «Отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау» шараларына қатысты бұл заң қарапайым адамдардан бөлек өнер адамдарын да жаға ұстатуда. Өзінің Инстаграм әлеуметтік желісінде әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов осы заңға байланысты қарсылығын білдіріп, пікір жазды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Төменде Қ.Болмановтың жазбасын өзгертусіз назарларыңызға ұсынып отырмыз. «Баланы ата-анасынан қорғау заңы ? Осындай заң қабылданады дейді. Алла сақтасын ! Осындай сөз болады ма заң түгілі ? Парламенттің су жаңа депутаттары алғашқы талқылайтыны екен бұл.
“Осы жолы сайдың тасындай іріктеліп кіл жақсылар бас қосты ғой, сайланса игі болар еді” деп күтіп едік, нәтижені әуелден ішіміз сезсе де. Одан кейін
“сұрыпталып” сайланғандардың берген антын көрдік.Көзден ұят болды. “Қазақ алқына адал болуға ант беремін” деген сөзді қиып түсер қылыштай өткір етіп айта алмаған соң... Мына заңды қай жағына шығармақ?!
⠀Не дейді?!
Сырттай бір адам “мына балаға қауіп төніп тұрған сияқты” деп құзіретті органға хабарласа әй-шәй жоқ кеп баланы жұлып алып кетеді екен.
⠀Ұрыссақ - эмоционалды, ұрсақ - физикалық, сұрағанын алып бермесең - экономикалық қысым көрсеткен болып ата-ана жауапқа тартылып, баланы тағы алып кетеді екен. Ата-анасы психикалық жөндеуден өтпейінше баланы көре алмайды, жағдайын біле алмайды. Жөнделу үшін белгіленген өңшең психотроптық дәріні еш қарсыласпай ішіп салып отыруға мәжбүр.
Міне, әңгіме қайда жатыр?! Ал оған дейін бала арнайы орталықтарда жатады дей ме, уақытша бір отбасыға беріледі дей ме, ол жағын тіпті ақылым алмады. Масқара! Қорқынышты!

Көршің “мынаның баласы күндегіден көбірек жылады” деп шағымданса, жетіп келіп баланың денесін бастан-аяқ қарайды екен де, иненің ұшындай көгерген, қызарған белгі тапса бітті баланы арқалап кете барады екен. Бала жүгірмей ме, секірмей ме, құламай ма?! “Әй ойбай ойнама, жүрме, отыр, көгертерсің” деп қадам бастырмай байлап отырайық?!

Басқаны қойшы, бала өзі де қоңырау шалып арыз бере алады екен. Алла-ау, телефонды туғаннан біліп шығатын бұларың, қит етсе звондап тұрсын онда?! Неғылмақшы ?!

Ұлың үйленем деп бір ұлды жетектеп келсе де қарсы болмайсың. Әйтпесе барар жерің темір тордың арғы жағы. Астапыралла!

Мына заман қалай-қалай түрленеді?!
Қайда бара жатырмыз? Кімге сенеміз?
Мүдделері не? Ұрпағымыз арқылы болашаққа балта шауып, ұлтты мәңгүрттендіріп, елді ессіздендіру ме?!

Қарсымын!

Қазір өзіме, менің жеке басым мен отбасыма қарсы қисық- қыңыр сөздерді қарша борататын жандайшаптар шабуылға шығатынан жақсы білем. Бірақ та, осы кезде бірігетін уақыт келген жоқ па?»

 

Пікірлер