РҮСТЕМ АШЕТАЕВ: БҰҰ-ға Ресейдің «НОД» қозғалысын террористік деп тану туралы хат жолдау керек

8612
Adyrna.kz Telegram

БҰҰ-ға Ресейдің «НОД» қозғалысын террористік-экстремистік қозғалыс деп тану туралы хат жолдау арқылы бәрінің аузына құм құюға болады! Не үшін мұндай талап қойып отырғанымды төменде түсіндіріп өтейін.

Мен үшін Ресейдің шовинисттерінің мақсаттар белгілі болғанымен, оларды осы жолға қозғаушы күштері қандай түсініктен туындап жатқанын түсіне алмай келгенмін.

НОД қозғалысының атауын тікелей аударсақ, Ұлт(тық) Азаттық Қозғалыс болады. Яғни, орыс ұлтын азат ету үшін құрылған қозғалыс.

Осы жерден бірінші сұрақ туындайды.
Орыс ұлтын біреулер тікелей жаулап алғанын әзірге естіген жоқпыз. Өз елдерінде олардың мәдени, тілдік т.т. дамуларына ешқандай қысым жасалып жатқан жоқ.
Сонда, бұл ұйым орыстарды кімдерден азат етпекші?

Өз елдерінде ондай қысым болып жатқан жоқ болса, демек өзге тәуелсіз елдердегі орыс ұлтын "Азат ету" үшін құрылған деуге толық негіз бар.

Енді, өзге елдердегі орыс ұлтын қалай "азат" етпекші? Өзге елдердегі орыс ұлтын өз елдеріне көшіріп алмақшы ма?

Жоқ!
Ойлары мүлдем басқа екен.
Өзге елдердегі орыс ұлтын сол мемлекеттің құзіретінен, заңдарынан, сол мемлекеттің территориясында құтқармақшы екен. Бұл ойларын ашық айтып та жүр. Бұл әрине өзге елдің тұтастығына, дербестігіне үлкен қауіп. Әрі, бұлай ету үлкен халықаралық қылмыс болып есептеледі. Мұны олардың өздері де біледі. Былайғы қара халқы да біледі.
Бірақ, олардың осы пиғылдарын ең алдымен өз халқының алдында ақтап, әрі жақтастарын молайту үшін үшін, "Отан дегеніміз не?" деген сұраққа өз түсініктерін тықпалап түсіндіріп, сол түсініктерін басты қарулары етпек.

Ең әуелі "Азат ету қозғалысы" дегеннің өзіне баға беріп алсақ.
Тарихқа көз жүгіртсек, талай ұлт азаттық қозғалыстар мен соғыстардың болғанын білеміз. Алысқа бармай-ақ өткен ғасырдың бас жағындағы қазақ даласында ұлт азаттық соғыстар мен қозғалыстар болды.
Дәл осы кезеңде Ресейде де осындай құбылыстар орын алып жатты.

Бізде бұл қозғалыстардың мақсаты ұлтымызды Ресей империясының шеңгелінен құтқару сипатында болса, Ресейде бұл керісінше "Ресейді Ресей императоры басқарған үкіметі мен капиталисттік-феодалдық жүйесінен азат ету" сипатында болды.
Яғни, Ресейдің кедей-шаруалардан құралған қара халқы өздерін мәжбүрлі түрде қанап келген, өздерін түрмедегідей ұстап келген патшалы жүйеден азат етті. Мен неліктен "жүйеден азат етті" деп отырмын. Өйткені, ол жүйені басқарушыларының дені (түгелге жуық десекте болады) орыс ұлтына ешқандай қатысы жоқ неміс, франсуз, ағылшын, еврей, поляк т.т. ұлттарының азаматтары мен байлары болатын. Императорынан бастап барлық ақсүйектері Ресей империясын үлкен бір корпорация секілді басқарды. Бәрі ақсүйектерінің меншігінде болып, қара халқының қолында ештеңе жоқ, тіпті "Менің отаным" деген түсінік те болған емес. Сондықтан, Ленин келіп "Жер шаруаларға, заводтар халыққа!" деп ұран салғанда, халқы көтеріліп Императорларынан бастап өздерін қанап отырған капиталисттік-феодальдық жүйесінен өздерін азат етті.
Міне!
Тек осыдан кейін ғана орыс халқында "Отаным, меніңкі" деген түсінік қалыптаса бастады.
Өздерін құлдықта ұстап келген Император әулеті мен ақсүйектеріне деген өшіккендері соншалық, бала-шаға, қызметкерлері, тұқымдарын қалдырмай көздерін жойды.
Яғни, қазіргі Ресей халқы да біздер сияқты Ресей империялық жүйесінен азаттық алды. Орыс, украйн, поляк, финдер, қазақ, қырғыз, өзбектер бәріміз бірдей Ресей империясынан азаттық алдық.
Тек содан кейін ғана біздер дербес ұлттар болып СССР деген одақтың құрамына қайта біріктік.
Ұлы Отан деген түсінік содан кейін ғана пайда болып, екінші дүн.жүз.соғысты "Ұлы Отан Соғысы" деп аталды. Ал, бірінші ДЖС-ты орыстардың "Ұлы Отан Соғысы" деген бірде-бір жазба кездестіре алмайсыз.
Өйткені, отан деген түсінік ол кезде оларда болмаған. Тек "Ресей империясы" мен "Құдай билеушімізді сақтайкөр" деген құлдық түсініктері болған.
Орыс ұлтын ұлт ретінде қалыптастырған осы Кеңестер Одағы деуге де болады. Қазіргі орыстар ұлты арыдағы Ресей империясының мұрагеріміз деген сөзді айтуға хақылары да жоқ.
Егерде, олар ондай сөз айтып өзгелердің қазіргі жерлерін даулағысы болса, онда олардың бұл сөздерінің салмағы біздердің "Шыңғысқан империясының мұрагеріміз, Ұлы Түркі қағанатының мұрагеріміз" деп өзгелердің қазіргі территориясына жерлерін сұрауымыздай, миға симайтын ақымақтық түсінік болып күлкі шақырар еді. Дәл солай НОД-тың орыстар Ресей империясының мұрагеріміз деп жар салуы өте күлкілі жағдай. Қазіргі Ресей мемлекеті тек СССР-дің ғана біздермен тең дәрежелі мұрагері. Ешқандайда Ресей империясының мұрагері емес.

Енді, сол орыс ұлты да біздер секілді СССР-ден бірдей бөлінді. Тіпті біздер соңғы болып шықтық бұл одақтан.

Олардың(НОД) түсінігінде "Отан дегеніміз бір кездері орыс сарбаздарының табаны тиіп, тарихта қалған Ресей империясының құрамына кірген жерлердің барлығы өздерінің отаны" болып табылады екен.
Демек, басты мақсаттары Ресейге көрші қазіргі тәуелсіз, өз шекарасы мен заңдары, мемлекеттік рәміздері мен структуралары бар дербес мемлекеттердің ішкі ісі мен тұтастығына тікелей қауіп төндіретін терористтік-экстремистік қозғалыс.

Сондықтан, ондай қиялға беріліп, өзге көршілеріне " Ресей империясының мұрагері біз. Орыс солдатының табаны тиген жерлердің бәрі біздің отанымыз. Оны қорғау біздің борышымыз" деп есептейтін, және осындай түсініктерімен көршілердің мемлекеттігіне тікелей қауіп төндіретін қозғалыстарды өз елімізде терористік-экстремистік ұйым деп танылуын талап етемін!

Содан кейін Ресей елінен таралатын осы қозғалысты терротистік-экстремистік ұйым деп тану туралы БҰҰ-на талап тастауымыз керек.
Осы талабымыз қанағаттандырылып, осы қозғалыс террористік-экстремистік қозғалыс деп танылса, онда Ресей үкіметі осы қозғалысты қолдаған күні өздері де терротистерді қолдаушы ел ретінде БҰҰ мен әртүрлі келісімдермен байланып отырған одақтарынан кері реакциясына ұшырайтын болады.
Сондықтан, мұндай ойға барарда жеті рет ойланатын болады.

 

Пікірлер