Жаңа 2021 жылдың 2 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісі және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттарының депутаттығына бір топ кандидат Айыртау ауданының Имантау ауылында болып, Имантау-Шалқар курорттық аймағының ұжымымен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты партияның ауылдағы ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін дамыту, бұқаралық спорт пен агротуризмді дамыту жөніндегі бастамаларын түсіндіру. Аталған кешен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасында туризмді дамыту бойынша 10 басым жобаның қатарына кірді.
Кандидат Төлеутай Рақымбеков атап өткендей, 2020 жылдың басынан бері коронавирус пандемиясына байланысты туризмнің сыртқы бағыттары іс жүзінде тоқтап қалды және бұл жағдай қазақстандық туристер ағынын ішкі курорттарға қайта бағыттауға, отандық туристік саланы дамытуға бірегей мүмкіндік береді. Партия бағдарламасында ауылдағы ауыл шаруашылығы емес бизнес түрлерін дамыту бойынша шаралар қарастырылған, олар нарықты қонақ үй қызметтерін ұсыну, демалыс нысандарын салу және фермерлерді агротуризммен айналысуға ынталандыру сияқты қосымша қызметтермен «нығайтуды» көздейді.
Соңғысы өте перспективалы болып көрінеді. Т.Рақымбековтың пікірінше, Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінде ұлттық мәдениет пен тұрмысты сақтау үшін агротуризм нысандары жұмыс істейді. Олар спорттық демалыс қызметтері мен жергілікті жердің табиғи, мәдени-тарихи және басқа да ресурстарын пайдалануға бағытталған ауылдық инфрақұрылым элементтерін біріктіреді.
Имантау кентінің тұрғындары үшін қолөнершілік табыс деңгейін арттырудың перспективалы бағыты бола алады, деп есептейді кандидат, этнодизайнер Бахаргүл Төлеген. Осы маңызды секторды дамыту шағын кәсіпорындардың кең желісін құруды, шағын кәсіпкерлікті және тиімді бәсекелестік ортаны дамыту үшін қолайлы алғышарттар жасайтын жеке қолөнершілер санының өсуін қамтамасыз етуге қабілетті. Олардың икемділігі мен ұтқырлығы экономикалық және әлеуметтік міндеттердің тұтас кешенін шешуге, сондай-ақ халықтың, оның ішінде ақыл-ой, физикалық мүмкіндіктері әртүрлі адамдардың, әртүрлі білім қоры мен әртүрлі кәсіби мүдделері бар адамдардың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, олардың шығармашылық әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді.
Үгіт-насихат жұмыстарының соңында Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кандидаттар өзара шаңғымен жарыс ұйымдастырды.
«Ауыл» Халықтық-демократиялық
патриоттық партиясының баспасөз қызметі 8 701 055 25 52
auyl-pressa@mail.ru