Жерді қашықтықтан зондтаудың қандай пайдасы бар?

2932
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның ғарыш саласындағы  маңызды жаңалықтарының бірі, ол "KazSat-2R"шартты атауымен үшінші байланыс спутнигін конкурстық негізде сатып алу ниеті туралы хабарламасы болды. Бұған шамамен 105 миллион доллар бөлінді. Аталған жоба іске асса да, "KazSat" байланыс жүйесі де  қосымша дами беретін болады.

Ғарыш саласындағы тағы бір қол жеткен жетістігіміз ол  геокеңістіктік деректерді талдау бойынша құзыреттер орталығы құрылғандығы. Бұл орталықтың құрылатындығы туралы осы жылдың сәуір айында айтылған  болатын. Аталған орталықтың тигізетін пайдасы туралы айтсақ, бұл жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алатын және өзіміздің дәл навигация жүйемізден алатын барлық деректер бір орталықта жиналып, құрылысшылар, энергетиктер, ауыл шаруашылығы мамандары пайдалана алатындай дайын өнімдерге біріктіріледі деген сөз. Бұл еліміз үшін өте қажет қолданбалы космонавтика орталығы.

Жетекші елдер спутниктік мониторингтің Ұлттық қауіпсіздік үшін қандай күшті мүмкіндіктер беретінін баяғыда  түсінген. Қазақстанда осы салада ілгерлеу қадамдарын жасауда.

Қай елдің болсын ғарыш саласындағы жетістіктерінің бірі ол Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жүйелерінің болуы. Отандық ғарыштық мониторингтің тиімді жүйесінің болмауы Қазақстанды  тәуелді жағдайда қалдырған еді. Басқа елдердің спутниктерінен  деректерді  алу, ол өз еліңнің спутниктерін алғандай болмайтыны белгілі. Коммерциялық жүйелерден басқа Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жүйелері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін де, оның ішінде инфрақұрылым объектілерінде де шешеді. Еліміздің  ЖҚЗ жүйесі ұлттық қауіпсіздік саласында да өзінің маңызды әрі қайталанбас рөлін атқаруда. Біздің ЖҚЗ жүйемізге  алты жыл болды және ол еліміздің мүддесіне қалтқысыз  қызмет етуде.

 

Ерке Жомарт,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер