Мемлекеттік тілді білуді міндеттемей тіл мәселесінің күрмеуі шешілмейді!

3077
Adyrna.kz Telegram

"Салмақты сұхбат" халықаралық онлайн студиясының қонағы ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының меңгерушісі Серікзат Дүйсенғазы болды.

"Салмақты сұхбаттың" модераторы, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Қуаныш Жұмабекұлы Серікзат Дүйсенғазыға төмендегідей сұрақтар қойды:

1) Сіздіңше ұлтшыл деген кім?

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Алдағы уақытта сарапшылардың пікірінше, халқымыздың саны 19 миллионға, ал мемлекет құраушы ұлт – қазақтардың үлесі кемінде 78 пайызға жетеді деп күтілуде», – деген болатын. Қарап отырсақ, елімізде халықтың 91 жылы 39 пайызы қазақ болса, қазір 80 пайызға жуығы қазақтар.
Барлық қазақ қазақша сөйлесе, тіл мәселесі күн тәртібінде болмайтын да еді ғой. Яғни, орыс тілінде сөйлеп жүргендер өзіміздің қазақтар.
Орыстілді қазақтар жайлы сіздің пікіріңіз.

3) «Орыстілді қазақтар» дегеніміз – мүлде жаңа қауымдастық, қазақ ұлтының ұзақ жылдар бойы бодандық пен отарлықта болуынан пайда болған жаңа ұлт, жаңа халық деген пікірлерді естідім.
Бұл тұрғыда не айтасыз?

4) Мұхтар Мағауин «Мен тумыстағы тілінен мүлде мақұрым, тек орысша ғана сөйлейтін қазақтарды көбіне-көп сырттай, бір қарағаннан танитын едім. Олардың қалған қазақтан басқашарақ бітімі қапысыз аңдалатын», – дейді.
Сірікзат аға
Сіз орыстілді қазақты бір қарағаннан тани аласыз ба?

5) Мемлекеттік тілді білуді міндеттемей тіл мәселесінің күрмеуі шешілмейтіні анық. Біз 30 жыл тостық. Алайда әлі де орыс тілі мемлекеттің барлық саласында функционалдық тұрғыда үстемдікке ие. «Отыз жылда тек екі заң ғана мемлекеттік тілде жазылды», – дейді Мұрат Бақтиярұлы.
Біздегі шешім шығарушы саяси элита өкілдерінің көбі орыстілді.
Серікзат мырза
Өзіңіз білесіз атақты Ататүрік түрік жазуын латын әліпбиіне көшіруді небәрі 1 жылда біржақты қылды.
Сіздің ойыңызша КОНСТИТУЦИЯДАН 7-баптың 2-тармағын АЛЫП ТАСТАП,
Қазақ тілін білуді міндеттеуге біздегі биліктің саяси ерік-жігері неге жетпей тұр?

6) Тіл комитеті 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің құрамына өтетін болды. Алып-қосарыңыз

7) Кейінгі кезде Тұран одағын, Тұран әскери одағын құру туралы жиі айтылып жүр.
Осы жайлы бірер сөз

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар.

Пікірлер