Дариға Назарбаева сайлауға қатыса ма?

3308
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Тізім партияның facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды. Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты.

Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.

Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды. Олардың ішінде: Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, саясаттанушы Айдос Сарым бар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер