Оңдасын СЕЙІҰЛЫ: Мәдениет және өнер мекемелері жүйелі жұмыс жасауда

2074
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ақпараттық агенттігі оқырмандарға қызығырақ болар деген оймен Ақтөбе облысының тыныс-тіршілігі туралы сұхбаттар мен мақалалар сериясын ұйымдастыруды қолға алған еді. Ендеше облыстың мәдени және қоғамдық-саяси тұрақтылық турасындағы портал тілшілерінің  Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлынан алған мәлімдемесін назарларыңызға ұсынамыз.

 

2020 жылдың 1 қараша айына облыстың мәдени саласында меншіктің барлық түрлеріндегі мәдениет және өнер ұйымдары, мекемелерінің саны 481 (469-ы мемлекеттік) бірлікті құрайды.  Оның қатарында 235 кітапхана,  193  мәдени-демалыс мекемелері, 19 музей, 2 кәсіби театр, филармония, 2 кинотеатр (жеке), 2 мәдениет және демалыс саябағы, 13 архив және өзге де мәдениет мекемелері  облыс тұрғындарына қызмет көрсетуде.

2020 жылы мәдени-көпшілік шаралар Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750, А.Құнанбайұлының 175, Ә.Молдағұлованың 95, Шәмші Қалдаяқовтың 90, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдықтары шеңберінде өткізілді. Елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты шаралардың көпшілігі онлайн форматқа ауыстырылды. Мерейтойлық  даталар  аясында мәдениет және өнер мекемелерінде түрлі санаттағы тұрғындардың қызығушылығын  тудырған  жаңа форматта үздік әлеуметтік  пост, жылжымалы көрмелер, СD-дисктегі күйтабақша шығару, онлайн симпозиум, онлайн байқаулар, онлайн концерттер, сұхбаттар т.б. шаралар ұйымдастырылды. Қазан айында "Әдебиет.Рух.Қоғам" республикалық әдебиет форумы, "Ақтөбе жыр құшағында", "Сырлы ақынның нұрлы жылдары" республикалық мүшәйрасы сынды ауқымды шаралар ұйымдастырылған болатын. 2020 жылдың 10 айында барлығы  5378 шара өткізіліп, қатысушылар 125098 адамды құрады. Облыс кітапханаларының ұйымдастыруымен "Шын хакім сөзің асыл баға жетпес" республикалық байқауы, "Менің жүрегімдегі кітап" халықаралық оқырмандар байқауы, әл-Фараби шығармаларындағы "Бақытқа жету" еңбегі жайында "Ең үздік әлеуметтік пост жариялау" республикалық байқауы сынды ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге дейін мәдениет мекемелерінде барлығы 7924 шара өткізіліп, оған қатысушылар саны 300257 адамды қамтыды.

 

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Пікірлер