ОЛЖАС ӘБІЛ: Көксеректің күйін кешіп жүрміз

2788
Adyrna.kz Telegram

"Осы соңғы Қарабақ мәселесі бойынша біздің орыстілді фейсбук не деп жатыр екен"' деп кеше мен ерінбей біздің мен деген орыстілді біраз блогерлердің парақшасын аралап шыққан едім..
Ол жақ жым - жырт екен.
Араларындағы бірен сарандары ғана бұл оқиғаға селқостау ғана үн қосып қойып отыр.
Қалғаны мрак қой, мрак. "Қарабақ сарабақта" шаруалары жоқ.
Мында желігіп жүрген тек қана біз, яғни қазақтілді қауым ғана екенбіз.
Бұл оқиғаның бүге шүгесіне шейін зерттеп, сауатымыз жеткенше сараптамасын жазып, оны дереу жаппай бөлісіп, олардың жеңісіне қуанып, жеңілісіне мұңайып, тіпті кейбіреулер Бакуге шейін ұшып барып қолдау көрсетіп жатыр екен.
Қан деген бар ғой, ҚАН. Ол жібермейді екен.

Ол жағынан біздің қазақтілді қазақтар мықты.

Араларымызда сан ғасырлар жатса да біз бір апанның бөлтіріктеріміз. Түрік пен әзірбайжан Бөрі болса, біз де олармен ұялас Бөріміз.
Олардың жондарын күдірейтіп азуларын ақситып, тістерін шақыр - шұқыр еткізіп ырылдасып орыс пен әрменге қарсы сойқан ұрыс беріп жатқанына біздің де делебеміз қозып, қанымыз қайнап, жалымыз күдірейіп екі ай бойы тағат таппай отырмыз. Қап тауының етегіндегі бөрілердің ырылына кәдімгідей елегізіп отырған жайымыз бар.

Ұлы Мұхаңның "Көксерегін" оқысаңыздар, ана жері естеріңізде ме;

Көксерек арқасы жонданып арланға айналған тұста, ауыл малына қос қасқыр шапқан күні Көксерек иіс алып мазасы кетіп, бүйірі солқ - солқ етіп, жер тырмалап көзі шырадай жанады емес пе, сонда ауылдың адамдары "әй мына кәпір тұқымын сезді, мынаның көзін құрту керек" деп шошиды.
Шыны керек, біз де қазір мында сол Көксеректің күйін кешіп отырмыз.
ҚАН деген осы болса керек.

Ал ана орыстілді бауырларымызда ондай сезім жоқ сияқты... Екі қойың бір сом...

2016 жылы осы қазақтілді қауым, жер - жер деп дүркіреп, "жер сатылмасын, берілмесін деп митингілетіп жаны қалмай жүргенде, жарықтық біздің осы орыстілді бауырларымыз еш селт етпеп еді..
Мен оны көріп олардың сонда ЖЕР деген ұғымнан алыс, қаншалықты иісалмас екенін көріп таңғалған едім.

Олардың ТІЛГЕ қатысты да ара қатынасын былай да білеміз. Айта - айта әбден жауыр болған тақырып... Алдап - сулап та, қорқытып та талай айттық. Оған селт еткендері тым аз. Менің түсінгенім;
оларға бұл тілдің керегі жоқ.

Тағы бұлардың ана есімханов сияқты жазғыштары жаралы көтенін көрсе "біз бәріміз шетелге бір күнде көшіп кетеміз, сендер сонда кімдермен қаласыңдар" деп өз орыстілді билігіне ерке тоқалдай тоңқаңдап отырады. Соған оның оқырман тобыры өліп тұрып лайк басып, ананы әулие көреді.
Яғни, бұларда Мемлекетшілдік деген түсінік те квартиранттық түсінікпен алмасып жүре береді..

Мені осы түңілтеді.

Әрі, бұлардың, осындай қауымның елімізде саны миллиондаған адам болатындығы одан әрмен тұңғиыққа батырады...

Қара қазағым аман болсын.

Пікірлер