Қоғамға төнген қауіптерді атап көрсетті

2342
Adyrna.kz Telegram

«Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында төраға Азат Перуашев басқару жүйесіндегі кемшіліктерді атап көрсетті, деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партияның кезекті құрылтайында баяндама жасаған Азат Перуашев қоғамдағы түрлі келеңсіздіктер мен проблемаларға кеңінен тоқталып, былай деді:«Мысалы, COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері болып жатқан оқиғалар вертикалды басқару жүйесінің кемшіліктерін әшкерелеп көрсетті.  Ал қоғамда шиеленіскен пікірталастар ел тәуелсіздігінің басты қауіп-қатерлерінің ауқымын ашып көрсетті, олар:

– бюрократия мен сыбайлас жемқорлық,

– әлеуметтік әділетсіздік және байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық,

– экономика мен билікті монополияландыру.

Жарты жылдық карантин кезінде халықтың тұрмысы нашарлап кетті. Шағын және орта бизнес құлдырады. Бюджет қана емес, сондай-ақ Ұлттық қордың трансферттері қазіргі қажетілікке  жұмсалып, соның өзінде талан-таражға салынуда. Қоғамда мемлекеттік институттарға сенімсіздік күшейіп, халық билік монополиясынан қажи бастады. Елімізге әлеуметтік-экономикалық салада, саяси жүйеге де түбегейлі өзгерістер қажет.

Аталған өзгерістерді тым соза берудің қауіптілігі сонда, бұл – Украина, Беларусь пен Қырғыз еліндей мемлекеттік дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін. Ал, Тәуелсіздіктің ең басты кепілі қару емес, өз мемлекетін сыйлайтын, бағалайтын азаматтық қоғам болуы керек. Сондықтан, қазіргі билік моделіне бір ғана балама бар – ол терең әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қабылдап, жүзеге асыруы қажет».

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер