Әкім шошқа шаруашылығын жабуды талап еткен жұртпен кездесті

5104
Adyrna.kz Telegram

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің әлеуметтік желіде Бестамақтағы жағдайға байланысты жазбасы жарық көрді. Онда өңір басшысы жергілікті азаматтармен кездескенін, көпшіліктің көкейіндегі мәселені мұқият тыңдағаны айтылған. Облыс әкімі сондай-ақ тұрғындарды сабырға шақырып, тиісті органдарға тапсырма берілгендігін, “Парижская коммуна – XXI” ЖШС басшылығына шаруашылықтың бағытын өзгертуге немесе мүлдем жабу туралы талап қойылатындығы мәлімделген.

Оңдасын Оразалиннің сөзіне қарағанда кәсіпорын қоршаған ортаға келтірген зиянды заттарды заласыздандыру, өтемақы төлеттіру және заң аясында жауапқа тартуды меңзесе, екіншіден көпшіліктің пікірін ескере отырып, тексеріс қорытындысының нәтижесімен «Парижская коммуна – XXI» ЖШС басшылығына шаруашылықтың бағытын өзгертуге немесе мүлдем жабу туралы талап қойылмақ. “Қай мәселе болса да ашуға салмай, ақылға салып шешетін халықпыз. Бұл проблеманың да оңтайлы шешу жолдарын бірге қарап, ортақ бір мәмілеге келдік”,- делінген жазбада.

Пікірлер