Ертаев пен сыбайласынан 59 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді

3022
Adyrna.kz Telegram

Алматы  қаласы Алмалы аудандық сотының төрағасы өз үкімінде Жомарт Ертаевтың ҚР Қылмыстық кодексінің 218 және 28-баптары бойынша 11 жылға бас бостандығынан айрылуын, жазасын өтегеннен соң 10 жыл бойы банк пен қаржы саласында қызмет істеуге тыйым салынатынын айтты.

Екінші деңгейлі банктердің бірінен 144 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген қаржыгер кінәсін мойындаған. Бұл іске Жомарт Ертаевтан бөлек 36 адамның ісі қаралды.
Айыптау үкімі кезінде сотталушы мен сыбайласы Бақыт Ибрагим екеуінен 59 миллиард теңгеден асатын мүлік тәркіленгені мәлім болды. Мұны сот төрағасы Роман Селицкий жариялады. Тәркіленген тізімде:
- 510 миллион теңгеге жететін акиялар мен ақша;
- 530 миллион теңгенің мүліктері;
- "Alma Telecommunication Kazakhstan" АҚ акциясының 13 миллиард теңгеден асатын ақшасы;
- 3,4 миллиард теңге тұратын ұшақ;
- Мәскеу қаласынан пәтер;
- "Mercedes Maybach", "Range Rover" секілді автокөліктер;
- Курорттық аймақта орналасқан көлемі 180 шаршы метрлік екі котедж;
- Көлемі 2 458 шаршы метрлік үш қабатты әкімшілік ғимарат;
- Аумағы 0,69 гектар жерде 693,3 шаршы метр болатын өндірістік база және құны 10 млн теңгеден асатын бірнеше жер телімі бар.

Бұларға қоса басқа да айыпталушылардан құны 4,5 миллиард теңгеден асатын мүлік қайтарылды.

Атап айтқанда, 1 158 853 746 (миллиард бір жүз елу сегіз млн сегіз жүз елу үш мың 746 теңге) теңге ақша, 2 миллиард теңгеге бағаланатын пәтерлер мен үйлер, "Mercedes", "Lexus", "Audi" секілді бизнес санаттағы автокөліктер, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан элиталық тұрғын үй кешендері, алтын монеталар, 600 000 АҚШ доллары тұратын фирмалық сағаттар, 2,3 миллион АҚШ доллары көлеміндегі есепшоттағы ақша тәркіленді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер