СӘУЛЕ ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ: Аналар, АӘК - АСПдан БАС ТАРТЫҢЫЗДАР!!!

3317
Adyrna.kz Telegram

Құрметті аналар!

Екі жыл бұрын үкімет көпбалалы аналарға АӘК тағайындағанда, "бұл көмектен бас тартыңыздар! Сіздер үкіметтен қайыр-садақа сұраушы емессіздер! Сіздер демографияға ауқымды үлес қосып отырған, мемлекеттің ең құнды байлығы - Адам капиталын көбейтіп отырған ТҰЛҒАСЫЗДАР!.." деп едім...

Бірақ Сіздер "АСП, АСП" деп, өздеріңіздің кім екендіктеріңізді, балаларыңызға рух беретін, намысты ұрпақ өсіретін АНА деген асыл жан ретінде өз рольдеріңізді ұмыттыңыздар.

Бұған дейін бірнеше рет айтқанмын, тағы да қайталап айтамын:
АӘК - АСПдан БАС ТАРТЫҢЫЗДАР!!!

Мемлекет балаларға "жәрдемақы" деп қайыр-садақа емес, "Ана мен бала" капиталы қорын құрсын!!!

Мектеп жасынан балалардың намысына тиіп, құрбы-достарының алдында ұялтып, киім-кешек таратуын тоқтатсын!!!

Жиен сіңлім көпбалалы ана. Үш баласы мектеп жасында. 7 сыныптағы қызына мектепте киім-кешек берген екен, алмай қойыпты.
"Апай, біз кедей емеспіз, керек емес" депті.

Мұғалімі сіңліме хабарласып, жағдайды айтып, "өзіңіз келіп алып кетіңіз" депті.

Қызынан сұраса, "мама, достарымның көзінше қайыршы құсап солар берген киімді алам ба, позор ғой!.. Керек емес, сіз де алмаңыз" деп, намыстан жарылып кетердей булығып тұр дейді.

"Қызым намыстанып алмай қойған затты мен барып алам ба? Қажет емес, өйтіп бергенше, бермей-ақ қойсыншы, құдай өзімізге қуат берсін!.." деп отыр.

Көпбалалы аналардың арасынан мұндай әңгімелерді жиі естіп қаламын...

Үкімет кейінгі ұрпақты арлы, намысты, ұятты ғып өсірудің жолдарын емес, осындай әртүрлі деңгейде, итке сүйек лақтырғандай ғып қайыр-садақа тарату арқылы балалардың рухын өлтіріп, намыссыздық, алақан жайғыштық психологиясын қалыптастырып отыр.

Ақыры мемлекеттен бөлінетін қаржы ғой, мәселе - соны қалай беруде! Әдемі, мәдениетті ұйымдастыруға болады ғой! Мемлекетің де, өзің де, аналар да, балалар да ұялмайтындай, намысына тимейтіндей, халықаралық аренада өз абыройың, мемлекет абыройы артатындай етіп бөлудің жолдарын табуға болады. Оның бірден-бір жолы - қайталап айтамын, "Ана мен Бала капиталы" мемлекеттік қорын құрып, сол арқылы әр балаға жеке шот ашу. Ол шот балаға ғана тиесілі шот болу керек!!! Әкесі алып, арақ ішіп, шешесі алып, кірпік жалғатып жүрмейтіндей, ол ақша тек баланың қажетіне ғана жұмсалуы тиіс!

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер