Рудный әкімі қанша жалақы алатынын айтты

3220
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов Instagram желісіндегі ресми парақшасында қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Көптеген адамдар менің жалақым мен отбасымның тұрғылықты жеріне қызығушылық танытады. Бұған дейін хабарлағанымдай, өз отбасымды Рудный қаласына көшірдім және біз 20-шы шағын ауданда тұрамыз. Менің жалақым міндетті аударымдардан кейін 390 мың теңгеден сәл асады»,-деп жазды ол.

Сондай-ақ, әкім тәртіп пен тазалық мәдениеті туралы да ой қозғады.

«Көп пәтерлі үйде тұрғандықтан, қоқыс полигондары туралы білемін. Таңертең және кешке маған жақын маңдағы аулаларды аралап жүріп, қоқыс жәшіктерінің бос екеніне, ал оған жақын жерде қоқыс үйінділері жатқанына таң қаламын. Әрине, кез келген мекемені кінәлау оңай, бірақ тазалықты әр тұрғын өзінен және отбасынан бастауы керек деп ойлаймын. Егер балалар қоқыстарды контейнерге жеткізбесе, онда сіз оны үйде үйретіңіз. Тазалық қоқыстан тазаланған жерде емес, қоқыс тасталмаған жерде»,-деп сөзін қорытындылады Испергенов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер