«Сапалы білім сұрап митингке шықпайды»

2303
Adyrna.kz Telegram

М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Басқарма Төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджанның айтынша: «Біз үкіметтен талап еткен кезде материалдық жағдайды басты назарға қоямыз. Киім, тамақ, үй талап етеміз. Неге сапалы білім бер деп сұрамасқа? Мектептер мен университеттер сапалы білім бермейді деген талаппен митингке шыққан адамды көрдіңіз бе?  Лайықты білім бере алмасаң, сапалы білім алудың жолын көрсет деп те ешкім айтпайды. Жалпы халық емес, белгілі бір қоғам өкілдері ғана бұл мәселені көтеріп жүр».  Бұл пікірін ол Қазақстан ұлттық арнасының эфирінде өткен «Ашық алаң»  бағдарламасында айтқан болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім беру саласын дамытуға ерекше тоқталғаны белгілі.  Экономика білімге тәуелді болған соң, бұл саланы түбегейлі реформалау керек деді.  Осыған орай, 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе өсетін болды.

Тікелей эфир барысында Ерболат Мұхамеджан Білім және ғылым министрлігі өте жақсы шешім шығарғанын да айтып өтті.

«Әлеуметке проблема шыққан соң, халық мұны білуі керек. Грантты бұрын университтке беретін. Университеттер соған жабысып отыратын. Қазір грантты студентке берді. Студент түскен университетіне көңілі толмаса, басқа рейтингі жоғары оқу орнына ауысып кете алады. Осындай дұрыс өзгерістер осыдан 15 жыл бұрын жасалуы керек еді»,- дейді Ерболат Мұхамеджан.

 

М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Баспасөз қызметі

Пікірлер