Трамп «Боратты» арамза деп атады

3439
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Дональд Трамп қазақстандықтар таралымына қарсылық білдірген «Борат» псевдодеректі фильмінде қазақстандық репортер Борат Сагдиевтің рөлімен танымал болған британ актері  Саша Барон Коэнді сынға алды, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Usatoday-ге сілтеме жасап.

Америкалық көшбасшы бұл әзілкештің осыдан 15 жыл алдын өзін алдамақ болғанын, бірақ ол арбауға түспеген жалғыз адам екенін жеткізді. АҚШ президенті өзін алдағандығын бірден түсініп, шоуға түсуден бас тартқан. Өз сөзінде: «Ол жігіт нағыз арамзаның өзі. Мен оны мүлде күлкілі деп санамаймын», - дейді Ақ үй басшысы.

Ал актер президентке фильмді тегін жарнамалап бергені үшін рақметін айтыпты. Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Мен де сені күлкілі адам деп санамаймын. Бірақ бүкіл әлем сенің үстіңнен күледі. Мен ылғи расистік әзілдерді ойнай білетін актер іздеп жүремін, ал саған 20 қаңтардан кейін жұмыс керек болады», - деп жауап берген.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қазан күні Amazon Prime-да «Борат-2» фильмінің премьерасы болып, артынша қазақстандықтар АҚШ-қа барған қазақстандық журналист рөлі үшін ашынып, өздерінің наразылықтарын әлеуметтік желілер арқылы білдірген болатын.

 

Фото AMAZON STUDIOS-тікі

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер