"Әскери элементтер". Жыл өткенде Ақтау маңындағы ұшақ апатынан не белгілі?

90
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/d0EqlLNVjtFgddEQCEv2ya4kUPNvZANZJIXNFYc0.webp

Қазақстанның көлік министрлігі 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer 190 (борт 4K-AZ65) ұшағының апатын тергеу жөніндегі аралық мәліметін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Құжатқа сәйкес, ұшақ Баку (UBBB) – Грозный (URMG) бағыты бойынша жолаушылар рейсін орындаған. Апат салдарынан 38 адам, соның ішінде 3 экипаж мүшесі қаза тауып, 29 адам әртүрлі жарақат алған еді.

Министрлік хабарлауынша, апатты тергеу жөніндегі комиссия Қазақстан көлік министрінің уақытша міндетін атқарушы өкімімен 2024 жылғы 26 желтоқсанда құрылып, апат себептері мен оған ықпал еткен факторларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Комиссия құрамына Әзербайжан, Ресей, Бразилия өкілдері және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының бақылаушысы кірген.

Тергеу барысында экипаж және диспетчерлер туралы мәліметтер, ұшаққа дайындық және рейсті орындау құжаттары, метеорологиялық ақпарат және техникалық қызмет көрсету материалдары зерттелген. Ұшақтың бортына орнатылған деректер жазғыштар қалпына келтірілген. Апат орны егжей-тегжейлі тексеріліп, ұшақ конструкцияларының орналасуы фото және видео арқылы тіркелген, агрегаттар апат орнынан шығарылып, сыртқы металл объектілердің сараптамасы жүргізіліп, жарылғыш заттардың іздері табылмаған. Ал үш оттегі баллонында жарылыс белгілері болмаған.

Тергеу аясында сыртқы металл объектілерге кешенді сараптама жүргізілді. Нәтижесінде жарылғыш заттардың іздері анықталған жоқ, ал үш оттегі баллонында жарылыс белгілері жоқ.

«Ұшаққа келген зақымдар, болжам бойынша, әскери бөлімшеден шыққан элементтердің әсерінен пайда болған, алайда олардың нақты шығу тегін анықтау мүмкін болмады», - делінген министрлік хабарламасында.

Қазір комиссия екі жұмыс тобы арқылы қақтығыс аймақтары мен әскери секторлар маңындағы ұшу тәуекелдерін талдау мен Ақтау маңындағы гидравликалық жүйенің №2 бөлігін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Министрлік хабарлауынша, комиссия объективті және тек нақты фактілерге сүйеніп қорытынды шығарады.

Пікірлер