Абай сөзі

4367
Adyrna.kz Telegram

Биыл халқымыздың біртуар перзенті, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, данышпан, ғұлама-ойшыл, ұлы ақынымыз Абай Құананбайұлының 175 жылдық мерейтойы. 

Ұлы ойшылдың ғибратты өмірі мен шынайы шығармашылығын ұлт болып бірлесіп, ел болып дамуымызға жол ашатын құндылыққа айналдыруымыз қажет. Атамыздың "Қара сөздері", ой-тұжырымдары әлі күнге өзектілігін жойған емес. Онда ұлт болмысы, тұрмыс тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс табатыны баршамызға мәлім.

Жалпы өмірдің қай саласында да Абайдың  ақылын алсаң, айтқанын істесең, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.

Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып,  бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылмас  тарих шеңбері болып қалатыны сөзсіз.

Бұл күнде Абай сөзі  әр қазақтың  ағзасына ана сүтімен бірге дариды десек артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. Атамыздың өлеңдерін оқысаң биігі жоғары ақын болғанын түсінесің. Тілге ауыр, арғы жағында ой саларлық зілі бар өлеңдер. Сол үшін де қазақтың маңдайына біткен Ұлы тұлға дер едім.

                                                               Нұрдәрі Хувлайхан

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер