Шымкентте төрт адам 40 миллион теңге алған сәтінде ұсталып қалды

2471
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте қылмыстық топ сыйақы алу мақсатында 600 млн. астам сомаға жалған шот-фактуралар жазу үстінде ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде қала аумағында бір топ азаматтың алдын-ала сөз байласып, аса ірі көлемде іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазумен айналысқаны анықталды.

«Алдын-ала сөз байласқан 4 азамат 615 млн. теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 млн.теңге, яғни жалпы соманың 6,5% сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды»,-дейді  тергеушілер.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 216 бабының 3-б. сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер