Қазақстандық белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай Украина президенті Зеленскимен кездескені туралы Фейсбуктағы өз әлеуметтік парақшасында жариялады. Ол енді бизнес қана емес, мемлекеттік басқару ісін жетілдіруде жұмыс істеуге бар күш-жігерін жұмсағысы келетіндігін, жақын арада елге орала қоймасын мәлімдеді. Төменде өз жазбасы толықтай берілді. Қазақстандық белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай Украина президенті Зеленскимен кездескені туралы Фейсбуктағы өз әлеуметтік парақшасында жариялады. Ол енді бизнес қана емес, мемлекеттік басқару ісін жетілдіруде жұмыс істеуге бар күш-жігерін жұмсағысы келетіндігін, жақын арада елге орала қоймасын мәлімдеді. Төменде өз жазбасы толықтай берілді.
Бүгін Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездестім. Онымен және оның командасымен бір сағаттай әңгімелестік. Мен оны реформаларды ендіру процесі мен заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарыммен таныстырдым. Оған бәрі қатты ұнады. Президент айтқандарымның бәрі қажет әрі маңызды екенін алға тартты да, мұның барлығы "кешеден" бері керек болғанын айтты. Тездетуді сұрады. Мен жұмысқа дереу кірісуге уәде еттім. Сол себепті алдағы уақытта Қазақстаныма орала алмаймын. Осы жерде ұзақ уақытқа қалып қоятынымды сезіп тұрмын. Жұмыс көп, қызық әрі біраз тер төгуді қажет ететін жұмыс.
Зеленский маған адам ретінде қатты ұнады. Ашық, тартымды, сыпайы екен. Адамды өте мұқият тыңдайды. Елі үшін жаны қатты ашиды.
Ара-арасында Украинадағы өмірімнен жазбаларды жариялап отыратын боламын. Қазір көптеген тұрмыстық шаруаларды шешіп, жұмысты жоспарлап, команда жинау керек.
P.S. Жазылмандарым мен достарымнан жұмысымды саясиландырмауды сұраймын, былай да бот фермалары мен аноним телеграм-каналдар қозып жатыр. Мен мұнда Украинаға жәрдемдесем. Түрлі-түсті революцияларды экспорттау, оппозициялық әрекет туралы сөз болып отырған жоқ. Мен бұл жерде сүйікті ісім - процестердің тиімділігін арттырумен айналысудамын. Бұл мен үшін - кәсіби сынақ. Бизнесте мұны талай рет ендірдім, енді мемлекеттік аппараттың жұмысына ендіргім келеді.