Шымкент: №3 қалалық емханада коронвирус пандемиясына қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді

2396
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қалалық №3 емханасында коронавирус пандемиясына қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу барысында емханаға келіп түскен шақырту қабылданды. Шақырту түскеннен кейін науқастың үйіне дәрігерлер мен фельдшерлер барып, оның хал-жағдайын толыққанды тексеріп, медициналық көмек көрсетті. Тексеру кезінде науқасқа қосымша диагностикалық көмек керек болғандықтан «Медикер» орталығына апарып, компьютерлік томографияға түсірді.

Осы орайда жеткізе кетсек, егер науқастың өкпе қабыну деңгейі 15 пайыздан жоғары болса, «Атамекен» медициналық орталығына жеткізіледі. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Жақыпқызының айтуынша, «Атамекен» провизорлы стационарға орта дәрежелі науқастар түседі. Науқас ентігу халінде түссе, провизорлы орталықтағы қызыл жолақпен палатаға жеткізіледі. Егер өзі тыныс ала алатын болса сары жолақпен жүргізіліп, анализі толық алынып, палатаға жайғастырылады.

Оқу-жаттығу барысында Шымкент қалалық №3 емханасының бас дәрігері Ақмарал Уалиханқызы емханаға күнделікті шақыртулар түсетінін, бұл шақыртулар автоматты түрде 4 категорияға бөлінетінін жеткізді.

Айта кетейік, бұл оқу-жаттығудың мақсаты – қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске барынша дайындығын пысықтау.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер