Шымкент: короновирусқа қарсы медициналық ұйымдардың дайындығы пысықталы

2382
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласындағы барлық медициналық ұйымдар коронавирустық инфекциямен күреске қарсы барлық тиісті шараларды жүргізуде. Мамандардың болжауы бойынша індеттің екінші толқыны болуы ықтимал. Сондықтан да осы дертке медицина мамандары төтеп бере білуі керек.

Осы мақсатта қалада инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) арасында бүгін оқу-жаттығу шаралары басталды.

Оқу-жаттығу шарасы аясында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «112» құтқару қызметінің жұмысымен танысып, мамандарға табыс тіледі.

Оқу-жаттығу барысында науқас шақыртуының «103» пультіне түскен сәтінен бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стациорнарға жатқызуға дейінгі бағытының бастан-аяқ алгоритіміне баса назар аударылды. Оқу-жаттығу кезінде жедел медициналық көмек шақыртуының 4 санаты бойынша медициналық персоналдың іс-қимыл алгоритмдері пысықталады.

Сондай-ақ, медициналық персоналға шартты науқастардың жай-күйінің ауырлығын анықтау, коронавирустық инфекция кезінде сақтану шаралары бойынша бағалау жүргізіліп, медициналық персоналды қорғаудың барлық шараларын сақтай отырып, провизорлық стационарға тасымалдану жолдары назарға алынбақ.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында емханалардың мобильді бригадаларының іс-әрекеттері және қажет болған жағдайда пациентті компьютерлік томографияны тексеруге жіберу, ПТР талдауды алу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жұмыстарына 36 БМСК ұйымы, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылады.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер