Елорданың халық көп шоғырланатын орындарында ұрлық жасаумен айналысып жүрген 57 жастағы әйел ұсталды,-деп хабарлайды Adyrna.kz Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысының 57 жастағы тумасы түрлі баптар бойынша бұрын 10 рет істі болған. Сондай-ақ, жеке мүлік ұрлығы үшін 5 рет қылмыстық жауапқа тартылған. Соған қарамастан ол қылмыс жасауын тоқтатпаған. Ол «кәсібін» негізінен базар, сауда үйлері және ірі сауда-ойын-сауық орталықтары сияқты жерлерде жүзеге асырып келген. «Бірде орталық базардағы бутикке кіріп, бір әйелдің ұялы телефоны мен 205 мың теңгесі бар сөмкесін ұрлап кеткен. Осыған ұқсас ұрлықтарды «Шанхай» базары мен «Дәулет» сауда үйінің аумағында да жасаған. Мұнда да сөреде жатқан сөмкелерді ұрлап кеткен, оның біреуінде 150 мың теңге болған. Тағы бір сөмкеде 250 мың теңге, сондай-ақ банк карталары, құжаттар мен дәрі-дәрмектер (шығын 500 мың теңге) болған. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталып, ұсталған күдікті полицияға жеткізіліп, осы ұрлықтарды жасағанын мойындады. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат қамауда отыр. Тергеу жүргізіліп, оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Осы адамның заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккендер болса, Бейбітшілік, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне хабарласып, немесе 8 (7172) 71-61-51; 71-60-69, 87025009729 және «102» нөміріне қоңырау шала алады»,-делінген полиция хабарламасында.
"Адырна" ұлттық порталы