Пандемия кезінде жұмыстарын тоқтатқан тойханалар біртіндеп сатылымға шығарыла бастады. Құр қаңырап бос тұрған зәулім сарайлардың құны да арзан емес. Қазірдің өзінде мыңдаған тойхана сатылып жатыр деп хабарлайды 31-арна. Тойхананың ең арзаны 300-400 миллионнан басталып, миллиардтарға дейін барады.
Соңғы жарты жылда бір тиын пайда әкелмей, бос тұрған тойханалар қожайындарын да тығырыққа тіресе керек. Шарасыз қалған кәсіпкерлер тойханаларын жаппай сатып жатыр. Тойханалардың көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан сатылымға қойылған. Тойға мыңдаған адам шақыратын Шымкентте тойханалар бағасы Алматы мен Нұрсұлтанға қарағанда арзан. 550 адамға арналған тойхана 750 миллионға бағаланып тұр.
Арнайым маман соңғы кездері тамақтанатын орындарды сатып жатқан кәсіпкерлердің күрт артқанын айтады.
"Біздің агенттік он жылдан бері нарықта жылжымайтын мүлік сатумен айналысады. Соңғы кездері түрлі дәмхана, мейрамханалардың иелерін көптеп хабарласып, бизнестерін сатылымға қойып жатыр. Себебі, коронавирус індетіне байланысты олардың жұмыстары қиындап кетті", - дейді Виталий Браиловский.
Фото ашық дереккөзден алынды.