«Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев балаларға партия сыйлаған смартфондар экрандарынан өз үндеуін жолдады. Осынау қысқа бейне үндеуде мәжілісмен Арқалық қаласының жас тұрғындарына жаңа оқу жылында табыс тілеп, ата-аналарына көмектесуге және жақсы оқуға шақырды.
Партияның өз қаражатына сатып алынған телефондары Арқалықтың көп балалы отбасыларына табыс етілді.
Ерекше тоқтала кетер жайт, өткен аптада халық халаулысы Арқалық қаласына арнайы ат басын тіреп, осы шалғай аймақтағы әлеуметтік мәселелермен танысқан болатын. Мәжілісмен жұмыс сапары барысында шағын қаладағы жағдай оңай емес екенін аңғарды. Аядай Арқалықта көптеген қордаланған мәселелер, қатерлі індеттен сырқаттанғандардың көптігі, дәрі-дәрмектермен тыныс алу аппараттарының тапшылығы, білікті кадрлардың жоқтығы қатты алаңдатады.
Мәжілісмен жергілікті ауруханаға тыныс алу аппараттарымен, жеке қорғану құралдарын татру етті . Сондай-ақ, covid-19 дертінен қайтыс болғандардың туыстарымен кездесті. Сонымен қатар, Арқалық дәріханаларында дәрі-дәрмектердің бағасы мен бар-жоғын тексеріп, ондаған көп балалы отбасына барды. Осынау қиын сәтте тағдыр тауқыметін тартып отырған отбасыларына азық-түлік жиынтығын тарту еткен мәжілісменнің көмегі қарапайым халыққа лайықты қолдау болды.
Қазіргі таңда Арқалықта көптеген адамдар жұмыссыз қалып, кедейлік шегінде өмір сүруде. Көп балалы отбасында болған депутат балалармен сөйлесіп, және ата-аналардың алаңдататын мәселелеріне құлақ түрді. Мәселен, Үсеновтар отбасында барлық жанұя мүшелері үшін бір телефонға телміріп отырғанын алғаш рет жеткізді. Бұл отбасыдағы балалар үй тапсырмасын жасау, Bilimland роликтерін көру және мұғаліммен байланыс жасау үшін өз кезектерін сағаттап күтуге тура келген. Олардың өтініштерін естігенде Азат Перуашев жергілікті партияластарына қысқа мерзімде отбасыларды гаджеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды. Төрағаның тапсырмасы бойынша заманауи Samsung смартфон сатып алынып, Арқалыққа жеткізілді.Партияның Қостанай филиалы төрағасының орынбасары Дастан Жұмабаев оларды төрт көп балалы отбасыға табыс етті.
«Партия төрағасы біздің алдымызға балаларды жаңа телефондармен қамтамасыз ету және көмектесу міндетін қойды. Бұл гаджеттер жаңа оқу жылында білімді меңгеру барысында сіздердің сенімді достарыңыз бен көмекшілеріңіз болады. Біз балғындарға осы міндетті жеңілдетуге көмектескенімізге қуаныштымыз», – деді ол.
Жаңа смартфондар сол сәте қораптан ашылып, белсендірілді. Азат Перуашевтің бейнеүндеуі бақытты балалар үшін үлкен тосынсый болды. Онда Мәжіліс депутаты сыйланған телефондардың экрандарынан арқалықтық жас балғындарға оқуда табыс тіледі.
"Ақ жол" партиясының Қостанай облыстық филиалы