Ковид біз ойлағаннан да қауіпті: «Ағза катастрофаға ұшырап, бөліктерге бөлінеді»

6856
Adyrna.kz Telegram

Коронавирус инфекциясы көптеген жағымсыз тосынсыйлар әкелуде. Қазіргі таңда індеттен айыққандар мен сынама тесттері теріс нәтиже көрсеткен адамдар қайтадан коронавируспен ауырып жатыр. Жазылғандар температурасының көтерілгенін, тыныс алуының қиындағанын, жүрек және неврологиялық проблемаларын айтып шағымданып отыр.

 Бұл құбылыс не себепті болып жатыр? Коронавирус күзде жаңарған күшпен оралып, қайта өршісе не істеу керек? Бұл сұрақтарға биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің  профессоры (АҚШ), Ресей Ғылым академиясының медициналық-генетикалық зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері Анна Баранова Lenta.ru-ға берген сұхбатында жауап берді. Назарларыңызға сұхбатты ықшамдап ұсынамыз.

-  Көптеген адамдар ковидті ешқандай белгісіз оңай өткерді. Бірақ, ковид - лотерея, сіздің оған тігетін бәсіңіз алғашқы физиологиялық жағдайыңызға байланысты. Әдетте, адамдар өздерінің денсаулығы туралы өте аз біледі, ал оның генетикалық сипаттамалары туралы мүлдем білмейді. Қазір індеттен жазылған 20 адамның біреуі әлі күнге дейін ковид кезінде болған әл-ауқат деңгейінде тұр.  Бұлшықеттері ауырады, шаршайды, басы болып жатқан оқиғаларды қорыта алмайды, әсіресе миға түскен кез келген жүктеме ауырға соғады. Мен спортшының бассейнде жүздеген метрді жүзе алмай қалған кезіндегідей жағдайды айтып отырған жоқпын. Бұл жерде кез келген жүктеме туралы әңгіме өрбиді. Мысалы, ыдыс-аяқты жуу да ағзасында вирус белгілері бар адамдар үшін ауыртпалық болып табылады.

-  Шаршау және өзін жайсыз сезіну қалыпты сезімдер ме? Әлде бұған қатысты белгілі бір объективті деректер бар ма?

 - Дәрігер науқастың оған не айтқанын тыңдауы керек. Өкінішке орай, біздің ғылымда толық дәлелденген бір құбылыс бар: әйел адамдарда он есе жиі кездесетін аурулар еркектерде кездесетін ауруларға қарағанда маңызды емес. Әйел адам өзінің шағымын айтса, дәрігер оған қолын бұлғап: «Кел, жат, жақында сенде менопауза болады» дейді. Ал егер ер адам дәл сондай белгілермен келсе, бүкіл бөлім оның айналасында зыр жүгіре бастайды.

- Бұл медицинадағы кемсітушілік пе?

-  Бұл жерде ренжитіндей ештеңе жоқ, тек адамзат қоғамы осылай құрылды.

Осыдан бір ай бұрын «тірі қалғандардың» басты проблемасы өкпе фиброзы болады деп айтылды. Бұл туралы не білесіз?

 - Бұл мәселе уақытынан сәл кешігіп жатыр. Пневмония, өкпенің қабынуы - бар нәрсе, оларды ешкім жоққа шығармайды. Бірақ фиброздың дәрежесі мен оның бар-жоғын белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана анықтауға болады. Мысалы, бір жылдан соң. Қазір бұл туралы айтуға ешқандай негіз жоқ.

-  Енді дәрігерлер ковидтен кейін науқас өкпеге қатысты проблемалармен ғана емес, қант диабеті, инсульт және басқа да созылмалы аурулармен ауыруы мүмкін дейді. Бұл рас па?

-  Иә, бірақ бұл ковидке емес, адамның денсаулығына байланысты орын алады. Барлық аурулар бір-бірін нығайтады. Ковид - бұл апаттық оқиға. Егде жастағы адамдар үшін, мысалы, жамбас сүйегінің сынуы апаттық оқиға болып саналады. Осы жағдайға тап болған  егде жастағы науқастар алты ай немесе бір жыл ішінде қайтыс болады. Олар сынудың асқынуынан емес, әртүрлі себептерден өледі. Өйткені, дене апатқа ұшырағандықтан, оған төтеп бере алмай, бытырап кетеді. Егер 20 жастағы адам жамбасын сындырып алса, бұл ауруды еш қиындықсыз  еңсереді. Ал 90 жастағы кісіде мұндай мүмкіндіктер әлдеқайда аз.

 - Коронавирус қазіргі таңда көптеген адам үшін апаттық оқиғаға айналды. Басқа вирустық инфекциялар да осындай қоздырғыш болуы мүмкін. Эбола есіңізде ме? Бұл дерттен жазылып шыққан науқастың ағзасында кейін көптеген созылмалы проблемалардың туындайтыны белгілі болды. Алайда бұл бірден анықталған жоқ. Дәрігерлер айыққан адамдардың саны көбейгеннен соң ғана байқай бастады.

-  Ковидте де дәл сондай жағдай. Бұл апатты жағдай, сондықтан оны елеусіз қалдыруға болмайды. Індетпен күресудің ең дұрыс тәсілі - ешқашан онымен кездеспеу. Жеке өзім бұл стратегияны ұстанамын, себебі адам вируспен қайта ауыруы мүмкін.

 - Егер сіз ауруға шалдыққан адамдардың форумына кіретін болсаңыз, онда "Вируспен қайтадан ауыруымыз мүмкін бе?" деген сұрақтың жиі қойылатынын көресіз. Көптеген адамдар бастапқыда сынама тест теріс нәтиже көрсетіп, кейін бір-екі айдан соң қайтадан оң нәтиже көрсеткенін жазуда. Бұл диагностикалық қателер ме?

-  "Реактивация" деген сөз бар. Бүгінде бұл термин заңды түрде ковидке қатысты маңызды ғылыми мақалаларда кездеседі. Адам ағзасында өмір бойы өмір сүретін вирустар болады. Мысалы, герпес вирусы.  Адам өмірінің орта жылдарында ол өзін көрсетпейді немесе кішкентай бөртпе түрінде көрінеді.  Ал адам қартайғанда ол бірден таралуы мүмкін, яғни науқастың арқасы көпіршіктері бар бөртпемен жабылып, бүкіл денесі ауыра бастайды.  Герпес SARS-CoV-2 сияқты болмаса да, вирус болып есептеледі. Бірақ ол организмде реактивтенуге қабілетті. SARS-CoV-2 -мүлдем басқа вирус, өйткені індет жасушаларда көбейе алмайды. Десе де, қазіргі таңда коронавирустың макрофагтарда жасырына алатынын көрсететін ғылыми жұмыстар бар. Алайда, вирус ол жерде көбеймейді. Індет жай ғана макрофагтың ішінде жасырынып, аздап бүлінеді, содан кейін қайтадан олардан шығып, басқа клеткаларға вирусты жұқтырады. Макрофаг тірі болғанға дейін вирус та тірі болуы мүмкін.

-   Яғни, кейбір адамдар үшін ковид созылмалы ауруға айнала ма?

 -  Созылмалы ауру - кең ұғым. Негізінен, «созылмалы ауру» термині адамның өмір бойы белгілі бір аурумен ауыратынын білдіреді. Қазір біз коронавирус созылмалы деп айта алмаймыз және ешқашан айтпаймыз деп үміттенемін. Бірақ, егер процесс үш айға созылса, онда бұл алаңдатарлық жағдай болып естептеледі. Вирус жоғалып кетті және оның белгілері «жабысып» қалды. SARS-CoV-2-нің адам ағзасында қанша уақытқа дейін жасырынатынын әлі білмейміз, бірақ жаман дабылдар бар.

-  Америкада аурудың салдарын зерттейтін және емделген жандармен -жұмыс жасайтын постковидтік орталықтар бар ма?

Әзірге жоқ. АҚШ үкіметі халыққа карантинде мәңгілік отырмайтындарын, жұмысқа баруға болататын, сонымен қатар өлім көрсеткіштерінің азайғанын айтып жатыр. Егер адам ауырып қалса, міндетті түрде оны емдейді. Бірақ науқас коронавирустан емделіп шыққан болса не істеу керек? Бұл жағдайда АҚШ медицинасы қайта қалпына келтіру бағдарламасын қолданып жатыр.

Коронавирустың арқасында жаңа вакциналардың барлығы нарыққа шығуға мүмкіндік алды. Бұл жерде мРНҚ-ға қарсы вакциналар технологиясы туралы айтып отырмыз. Олар қазіргі таңда АҚШ, Еуропа, Қытай, Ресей елдерінде жасалып жатыр. Препараттар әлі толық сыналмады, бірақ жарияланған нәтижелер көңіл қуантарлықтай.

Аударған Диана Асан,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер