"Мәйітті шұңқырға көмген". Күдікті Түркиядан экстрадацияланды

729
Adyrna.kz Telegram

Кісі өлтірген күдікті Түркиядан экстрадацияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Бас прокуратураға сілтеп.

15 мамыр күні Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі кісі өлтіріп, мәйітті шұңқырға көмген Қазақстан азаматын Түркиядан экстрадициялады.

"2022 жылғы наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура қылмыскерге қандай жаза қарастырылғанын хабарлады.

"Осы қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - деді Бас прокуратура.

Пікірлер