"Шықпаймын". Хабаровск губернаторының міндетін атқарушы

3264
Adyrna.kz Telegram

Хабаровск өлкесінің губернаторының міндетін атқарушы Михаил Дегтярев ВВС-ге экс-губернатор Сергей Фургалдың тұтқындалуына байланысты екі апта бойы митингіге шыққандармен кездесесіз бе деген сұраққа жауап берді. Дегтярев «терезе алдында айқайлаушыларға» барудың орнына одан да маңызды жұмыстары бар екенін айтты. Бұл туралы "Адырна" "Би-Би-Си"-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Хабаровскідегі наразылық 11 шілдеде басталып, осы күнге дейін жалғасуда. Путин Хабаровск губернаторының міндетін атқарушы қылып тағайындаған Дегтяревтің (Фургал сияқты - ол да либералды-демократиялық партиясының мүшесі) келуінен кейін наразылық білдірушілер оның Мәскеуге оралуын талап ете бастады.

Дегтярев әкімшілік ғимаратының алдындағы митингішілерге шықпады, дегенмен ол өзінің кеңсесінің терезесінен наразылық білдірушілердің айқайлап жатқанын еститінін айтты. Дегтярев жұмысқа барар жолда Хабаровск тұрғындарымен сөйлесті. Ол жаяу жүріп, Инстаграмнан тікелей эфир таратты.

Жолда тұрғындарға ол «жұмыс көп болғандықтан» қызметінен кетпейтінін айтты. Алаңдағы наразылық білдірушілер көгершіндерді тамақтандырады, себебі, олар алаңға  құстарға жем беру сылтауымен келеді деп қалжыңдады.

«Оларды күн сайын нанмен, шемішкемен қоректендіреді. Хабаровск көгершіндері - бүкіл Ресейдегі ең семіз және ең бақытты көгершіндер», - деді Дегтярев.

 

Бейсенбіде Дегтярев облыстық аурухананы тексеруге барып, Хабаровск аймағында коронавирустың әсерінен карантин режимін күшейтуге болатынын ескертті. Провинциядағы ауырып жатқандардың көбейгенін және «адамдар өзара қашықтықты сақтамайды» деді ол наразылық акцияларын меңзеп.

- Жігіттер, кешке Хабаровск облысы үкіметінің терезесінің алдына жиналғандардың барлығын өз күштерін еріктілікке жұмылдыруға кеңес беремін, - деді губернатордың міндетін атқарушы ауруханаға барғаннан кейін.  Жалғызбасты адамдарға тамақ тасыңдар деді.

- Ал, терезе алдында айқайлауды доғарыңдар! Бірге жұмыс істейік, сосын көреміз. Бізде 22 миллиард рубль тұратын аяқталмаған жобалар бар. Ал басшыларға көшеге шығып  терезе алдында айқайлаушылармен сөйлесуден гөрі атқаратын маңызды жұмыстар бар деді губернатор міндетін атқарушы.

- Сіз наразы адамдармен кездесуге  барасыз ба? - Би-би-си тілшісі Дегтияревтен түсініктеме беруді өтінді.

- Мен шықпаймын! Мен айттым ғой Сізге, дұрыс адамдарға үнемі шығамын. Мен адамдармен сөйлесемін, бірақ дұрыс форматта. Дәрігерлермен, пациенттермен, мысалы ... міне Сізбен сөйлесіп тұрмын. Ал енді мынау не? Бұл маған да, орыстардың көпшілігі дауыс берген президентке де құрметсіздік. Бірінші кезекте өзіме емес. Мұны істейтіндер, олар өздерін сыйламайтындар!

 

 

Пікірлер