Кеңесшіден кетіп, министр тағына жайғасты

6211
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып Бағдат Мусин тағайындалады. Бұған дейін Асқар Жұмағалиев осы  министрліктен  босатылған.

Мемлекет басшысы Бағдат Мусинді ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен бүгін ғана босатқан. Бағдат Мусин осылайша еліміздегі ең жас министр министр атанып отыр.

 

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.

2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болған.

2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарған.

2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ал 2017 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарып,  2018 жылы бұл  қызметімен қош айтысты. Кейінірек  BI Group компаниясына жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ, бүгін Президент кеңесшісі лауазымынан экономист Олжас Құдайбергенов те кеткен еді.

Жасұлан Наурызәлі,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер