Тілеген Әбішев жаңа қызметке тағайындалды

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EyRVJJf5kPU7s7iiYNJSJh4KTkm2ETmvzZHobP3F.jpg

Тілеген Әбішев Президент телерадиокешені директорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.

Тілеген Ақанұлы 1977 жылы туған. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тележурналистика» мамандығын, 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «заңгер» мамандығын иеленген. “Іскерлік басқару” магистрі.

Әр жылдары “Астана”, “Хабар 24”, “Atameken Business Channel”телеарналарында еңбек еткен. “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ мен “Н.Назарбаев әуежайы” АҚ баспасөз қызметтерін басқарған.

2020 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені құрылымдарында еңбек етіп келді.

“Ерен еңбегі үшін” медалі мен “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісінің иегері.

Пікірлер