Өкпе қабынуынан бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды деп хабарлайды "Адырна" "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Серікжан Бескемпіров 1960 жылы 1 қаңтарда туған, үйленген, екі баласы бар.
Осы жылдар ішінде ол Үштөбе ет комбинатында аға бригадир, слесарь, «Темірлан» ЖШС директоры, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бөлім бастығы, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Текелі қаласының әкімі қызметтерін атқарды. Ол 2012 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Ол бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылық саласына жетекшілік етіп, оның дамуына өз үлесін қосқан еді. Сонымен қатар осы дерттен облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те көз жұмды. Осы лауазымда бір жылдан аса қызмет еткен марқұм өңірде коронавирус індетінің таралмауы үшін қауіпсіздік талаптарын енгізіп, ел амандығын сақтау мақсатында еңбек еткен болатын.