Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің сайтында хабарланды.
"Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген құжат мәтінінде.
Алмас Сәдубаев 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, білімі жоғары.
2005 жылы М.Х.Дулати атындағы университеттін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақстан-Тараз" телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.
2005-2008 жылдары, жаңалықтар бөлімінің редакторы, "Қазақстан ұлттық телеарнасы" АҚ PR-директоры;
2008-2010 жылдары республикалық "Заң" газеті және журналының бас редакторы; 2010 жылы- Жоғарғы сот төрағасының баспасөз хатшысы;
2010-2011 жылдары- президент әкімшілігінің сарапшысы;
2011-2015 жылдары "ҚР ІІБ Медиа орталығының" бас директоры, Ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы болған.
Жаңа қызметіне дейін Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымын атқарып келген.