Қытайда үшінші деңгейлі эпидемиологиялық  ескерту жарияланды

2901
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың Ішкі Моңғолия автономды ауданында  без обасы анықталып, үшінші деңгейлі эпидемиологиялық  ескерту жарияланды

 Бұл туралы "Адырна" РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Жұқпалы ауруды осы ауданның мал өсірушісі растаған. 

   

«Науқас ауырғанға дейін без обасы жайлаған эпидемиологиялық аймақта болған. Қазіргі кезде науқас оқшауландырылған, ем қабылдауда, жағдайы бір қалыпты» деп хабарлады Баян Нұр қаласы денсаулық сақтау комитеті.

Ер адамның ауру белгілері без обасы деген  күдік тудырған. Осыдан кейін Баян-Нұр қаласының Урад-Чжунци хошунда (Ішкі Моңғолиядағы әкімшілік-аумақтық бірлік) эпидемиологиялық ескертудің үшінші деңгейі жарияланды.

 

Биліктің айтуынша, қалада, халық арасында аурудың таралу қаупі бар. Сондықтан да билік халыққа жабайы жануарларды аулауды тоқтатуды сұрап отыр. Ауру жағдайлары немесе күдіктілер анықталған жағдайда бұл туралы шұғыл хабарлануы керек.

 

Сондай-ақ, екі адам Алтай Республикасымен шектесетін Моңғолия аймағында без обасымен ауырып қалған.

 

Ұлан-Батордағы Ресей елшілігі шұғыл қажетті шаралар қолданғанын, мазасызданудың себебі жоқ екенін мәлімдеді.

 

Моңғолияның тұрғындары тыйым салғанына қарамастан, тамаққа қолданатын сүтқоректілер без обасын таратады. Бұл сүтқоректілер ұшқанда да ауруды жұқтыруы мүмкін, бірақ бұл жеке жағдайлар.

Бұл ауру адамға ауа тамшылары арқылы жұғады. Адам денсаулығына өте қаупті.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер