Қазақстанда шетелдіктердің 60%-ы құрылыс, ауыл шаруашылығы және тау-кен саласында жұмыс істейді. Олардың 52%-дан астамы Атырау облысында еңбек етеді. Коронавирусқа байланысты шетелдік жұмыс күшінің саны 3,2 есеге қысқарған. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның мамандары жүргізіп осындай мәлімдеме жасады.
Қазақстандағы шетелдік жұмыс күшінің (бұдан әрі - ШЖК) жай-күйіне жүргізген талдаудың нәтижесі – ел экономикасына шет елдерден жоғары білікті және орташа білікті жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттар санының соңғы 3 жылда төмендегенін көрсетті.
Биылғы жылы ШЖК-не берілген рұқсаттар саны 3,2 есеге қысқарған. Бұл көрсеткіш елде және әлемде COVID-19 пандемиясы аясында енгізілген карантиндік шараларға да байланысты.
Егер осы үрдіс сақталатын болса, тартылатын ШЖК тек Қазақстанда ғана емес, өңірлік және жаһандық аспектіде де айтарлықтай төмендейді деген ықтималдық жоғары.
Бірінші жартыжылдықта, шектеу шаралары енгізілгенге дейін елімізде құрылыс қызметі, ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібі саласы ШЖК-не ең мұқтаж салалар екені белгілі болды. Дәл осы салалар бірлесіп еліміздегі барлық шетелдік жұмыс күші санының 60%-дан астамын тартып отыр.
Тартылатын ШЖК құрылымы әр өңірде әртүрлі және бірінші кезекте өңірдің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Негізінен кәсіпорындар жоғары білікті шетелдіктерді тартады. Тек ШҚО мен Алматы облыстарында ғана негізінен орташа білікті шетелдіктерді жұмысқа алады.
Республика бойынша ең көп шетелдікдерді жұмысқа батыс өңірлері тартады. Мәселен, Атырау облысында тартылатын ШЖК-нің 52,5% шоғырланған. Сондай-ақ, ШҚО, БҚО, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары да шетелдік жұмысшыларды жалдайды. Бұл өңірлерде елімізге еңбек етуге келген азаматтардың 35,5%-ы тұрады.
2020 жылдың І-ші тоқсанында шекара асып, елімізге жұмыс істеуге келгендердің басым бөлігі Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Түркменстан мемлекетінің азаматтары. Қазақстанда енгізілген шектеу шараларына байланысты жылдың ІІ-ші тоқсанының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін.
Бұл ретте, пандемия кезеңінде дами бастаған қашықтықтан жұмыспен қамту уақыт өте келе көші-қон процестерін, әсіресе жоғары білікті шетелдік мамандар үшін жұмсаруы мүмкін. Ал, бұл өз кезегін осы еңбек процестерді реттейтін тетіктерді әзірлеуді талап етеді.
Жүргізілген талдаудың нәтижесі экономиканы дамыту үшін елімізде дамыған кәсіби еңбек нарығын қалыптастыру қажеттігін тағы да көрсетті. Бұл ретте, өңірлерге келетін шетелдіктердің санын бегілеген кезде сол өңірдің жергілікті еңбек ресурстарының нақты әлеуеті ескерілмей жатады.
Мәселен, тартылатын шетелдік мамандар арасында маусымдық қызметкерлердің үлесі ұлғаюда (соңғы үш жылдың динамикасы бойынша). Мұның себебі отандық жұмыс берушілерге заңнамада белгіленген әлеуметтік төлемдер мен аударымдарды талап етпейтін, біліктілігі жоқ арзан шетелдік жұмыс күшін жалдау тиімді болуымен байланысты..
Сондай-ақ, жүргізілген талдау еңбек көші-қонын (миграциясын) неғұрлым дәл басқару үшін Қазақстанға ШЖК тарту тетігіне кейбір өзгерістер енгізу қажет екенін көрсетеді. Атап айтқанда, ШЖК-ны іріктеу мен пайдалану кезінде сараланған (дифференциралды) тетікті қолдану, еліміздегі ішкі көші-қонға жәрдемдесу және халықтың мобильдігін қолдау, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартудың басымдық жүйесін енгізу.
"Адырна" ұлттық порталы