Марк Цукерберг жас миллиардер атағына бар болғаны 23 жасында қол жеткізді. Оның байлығы күннен-күнге арту үстінде. Миллиардер есімі барлық әлемге мәлім, себебі ол танымал әлеуметтік желі Facebook-ты ойлап тапты. Цукерберг қандай отбасыдан шықты? Жас жігіт қысқа мерзімнің ішінде байлыққа қалай қол жеткізді?Оның сыры неде? Білгіңіз келсе, мақалаға назар салыңыз!
Балалық шақ
Болашақ миллиардер 1984 жылы еврейлер отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасы медицина саласында қызмет атқарады. Facebook-тың негізін салушы отбасындағы жалғыз ұл. Оның үш әпкесі бар. Баласы он жасқа толғанда әкесі Эдвард Маркке компьютер сатып алып береді. Сол кезден бастап ол компьютерлік ойындарды ойлап таба бастайды. Цукербергтің дипломдық жұмысы Synapse бағдарламасын құрастыру болатын. Бұл бағдарлама желі қолданушыларының музыкалық талғамдарын тани алатын еді. Осыдан кейін Майкрасофт компаниясы оған жұмыс ұсынады, алайда Марк одан бас тартты.
Психология факультетіне оқуға түседі
Программалау саласындағы жетістіктеріне қарамастан қарамастан 18 жасар Марк Гарвардтың психология факультетіне түседі. Әрине, бұл шешімге анасы әсер етеді. Бірақ жас жігіт бағдарламалаудағы тәжірибелерін тоқтатпады. Ол университетте өзі секілді жастарды тауып, бағдарламалар құра бастайды. Біріншіден, жас программист Гарвард студенттерін бір-бірімен байланыстыра алатын және тақырыптар бойынша ақпарат алмаса алатын бағдарлама құрады.
Марк Гарвард студенттері қарым-қатынас орнатып қана қоймай, басқа студенттердің профильдері мен фотосуреттерін көре алатын, лүпіл баса алатын және сүйікті фотоларын белгілей алатын желіні құрғысы келеді. Осылайша достары Дастин Московиц, Крис Хьюз және Эдуардо Саверинмен бірге ол кейіннен Facebook деп аталатын жаңа бағдарламаны құрастырады.
Арманын орындау үшін Гарвард университетінен шығып кетті
Марк Цукербергті психология саласы қызықтыра қоймайды. Сол себепті ол 2004 жылдың маусым айында Гарвардтан кетіп, Калифорнияның Пало-Альто қаласына көшеді. Программист оқу үшін жинаған барлық ақшасын Facebook компаниясына құйып, бас директор атанады.
2005 жылы Марк 200 мың доллар тұратын "facebook.com"доменін сатып алады. Содан кейін оның әлеуметтік желісін бір жылда 5 миллион адам қолданып,Марк үлкен жетістікке жетеді. Ал 2007 жылы Майкрософт Facebook-ті ресми түрде 15 миллион долларға бағалап, акцияларын сатып алады.
Әлеуметтік желіні құрастырудағы қиындықтар
Facebook оңайлықпен дүниеге келмеді. Оны құрастыруда Марк Цукерберг бірнеше рет тәжірибе жұмыстарын жүргізіп, өзіне инвестор іздеді. Әлеуметтік желі іске қосылғаннае кейін программисттің екі досы оны сотқа береді. Олар Маркке біздің идеямызды ұрлап алды деген жала жабады. Алайда, бұл істері сәтсіз аяқталады.
Жас миллиардердің табысы
Facebook әлеуметтік желісіндегі үлкен жетістіктер Цукербергке атақ пен бақыт әкелді. Қазіргі уақытта ол компанияның 28%-ына иелік етеді. Бұл иелік 2010 жылы Цукербергті миллиардер етті. Сол кездің өзінде оның капиталы 4 млрд доллар шамасында болды. Бүгінде Марк Цукерберг ойлап тапқан фейсбукк желісіне ай сайын 1,98 миллиард қолданушы кіреді. Бұл таңғажайып көрсеткіш.
Жеке өмірі
Марк Цукерберг 28 жасында Присцилла Чанга үйленеді. Екеуі университет қабырғасында танысқан. Болашақ миллиардер қызының қарапайымдылығын ұнатқан. Марк пен Присцилла өмірдің қиындықтарына бірге төтеп берген жандар. Цукербергтың жұбайы 3 рет құрсақ көтеріп, түсік тастаған болатын. Осындай қиын кезеңде Марк оған қолдау көрсетті. Бүгінде ерлі-зайыптылардың екі баласы бар.
Қайырымдылық
Марк Цукерберг пен Присцилла Чан Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсайды. Олардың «Chan Zuckerberg Initiative» деп аталтын қайырымдылық қоры бар. Бұл қор тұңғыш қыздарының құрметіне құрылды. Бүгінде көмекке мұқтаж адамдарға көмектесумен айналысады.
Марк Цукерберг көптеген кедергілерді еңсеріп, өз арманына жете білді. Сіз де өз арманыңызды орындай аласыз. Еңбектеніңіз, тоқтап қалмаңыз!
Диана АСАНОВА, «Адырна» ұлттық порталы.