Алматыны Сағынтаев басқара ма? Есмағамбетова басқара ма?

4045
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Бас санитары Айжан Есмағамбетова Қазақстанды жалғыз өзі басқарып отырғандай билеп-төстеп, маусым айының 27-cі күні елімізде «Ласковый май» тобының концертін өткізуге рұқсат беріпті! Топтың продюсері Андрей Разин инстаграмдағы парақшасында (скринде) Есмағамбетоваға сол үшін алғыс айтып, карантин «бітісімен» Қазақстанға келуге дайын отырғандарын айтыпты.

 

Алматыда бүкіл іс-шараны шілде айына дейін кейінге шегеріп тастаған. Бас санитар

оны білмегені ме? Айтпақшы, украиналықтарды кезінде фашистер деп айыптаған Разин қазір Қырымның басшысының кеңесшісі болып отыр. «Қырымның еңбек сіңірген әртісі» деген атағы тағы бар. Қазақстанның Қырымдағы оқиғаға байланысты арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін саясат ұстанып отырғанын ескерсек, бұл дегеніміз нағыз саяси арандату болып шығады. Егер олар Қазақстанға келсе, украиналықтар бізге өкпелеп, екі елдің арасына кәдімгідей сызат түсуі мүмкін. Қазірдің өзінде украиналықтар әлеуметтік желі арқылы наразылығын ашық білдіріп отыр. Айтпақшы, қаланың әкімі Бақытжан Сағынтаев рұқсат бермеген шараға Есмағамбетова қалай рұқсат беріп отыр?  Құзырлы органдардан осы мәселеге назар аударуды сұраймын!

Оңғар Қабден,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер