Дариға Назарбаева Сенаттан кетті

11500
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.

Дариға Назарбаева Сенат төриесі болып 2019 жылдың 20 наурызда сайланған еді.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды. 1983-1985 жылдары С.М.Кирова ҚазМУ тарих факультетінің студенті. 1985-1987 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағлымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспиранты болған.

2015 жылғы 11 қыркүйек - 2016 жылғы 13 қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасы Премьер - министрінің орынбасары қызметінде болған. Ал 2016 жылғы 13 қыркүйек - 2019 жылғы 20 наурыз аралығында - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төриесі болды.

2019 жылғы 20 наурыздан бастап-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төриесі. 2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төриесіболып қайта сайланған.

Пікірлер