Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі кеңейді

2869
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзіреті артатын болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының отырысында талқыланды, - деп хабарлайды zhasalash сайты.

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов төтенше жағдай туралы заңға 14 бағыт бойынша жаңартулар енгізілгенін мәлім етті.

«Бұл банктік, салықтық, бюджеттік, кедендік, мемлекеттік сатып алу және тағы басқа бағыттар. Елімізде төтенше жағдай кезінде осы салалардағы реттеу шаралары ерекшелікке ие болады. Себебі аталған салалар еліміздің экономикасына тікелей әсер етеді. Сондықтан оларды қадағалауға тиісінше көңіл бөлу керек»,-деді министр.

Аталмыш заң жобасына сәйкес, ел президенті төтенше жағдай кезінде қажет болған жағдайда қиындық туғызған кез келген мәселеге араласа алады. Бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін маңызды. Ұлттық экономика министрі ТЖ кезінде қабылданған заң актілері режим аяқталғанша заңдық күшке ие екенін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер