Мақсатым - журналист болу

2771
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы дамуы барысында маңызды он бағытқа аса мән берілетінін айтты.

Солардың бірі - жастарға қолдау көрсету. Елімізде 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланып, «Жастар - ел тірегі» арнайы жобасы жұмыс істей бастады. Осы жоба аясында, әсіресе, өз кәсібін ашқысы келетін мақсатшыл , еңбекқор жастардың бастамалары үлкен қолдау табуда .

Сондай-ақ, «Президенттің кадрлық резервінің» қалыптастырылуы мемлекеттік қызмет саласында талантты жастардың ілгерілуіне жол ашады.

Тәуелсіздік кезінде дүниеге келген , азаттық рухын санасына сіңіріп өскен , еркін ойлы жастар , расында , тәуелсіз елдің тірегі болуға құлшынады. Бұл жолда, бізге ең алдымен, лайықты білім алу, тіл үйрену қажет. Мен өзім журналист мамандығын таңдадым . Бұл мамандықтың иелері қашанда ел мүддесіне адал, қоғамдық өмірде белсенді болуға ұмтылады. Сондықтан бұл үлкен жауапкершілік екенін жақсы түсінемін.

Мемлекет басшысы: «Қазақстан - жас әрі жастардың мемлекеті»,- деп , дамудың қозғаушы күші жастар екенін атап өтті . Біз осы сенімді ақтауға бар күшімізді саламыз.

Туған елді көркейтіп, туған жерді гүлдендіру жолында адал еңбек етіп жүрген жаңдарды өзімізге әрдайым үлгі тұтамыз .

 

Атапкелова Ақбаян,

«Тұран» университеті

Журналистика факультетінің студенті

 

Пікірлер