Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан басталады?

3448
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустың екінші толқыны күзде басталады деп болжанып отыр, ал Қазақстанда ол тұмау эпидемиясымен тұспа-тұс келеді. Отандық эпидемиолог ғалымдар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өткен бейнеконференция барысында осындай болжам жасады, деп хабарлайды "Адырна" "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, тұмауға қарсы вакцинаны  көп адам алуы керек, бұл талқыланбайтын мәселе.

"Маусымдық болжамды әзірге ешкім жоққа шығарған жоқ, дегенмен маусымдық – бұл тұмау маусымы сияқты қатты болмайды. Індет жазда да, күзде де жалғасады деген болжам жасалып отыр", - деді Асфендияров атындағы ҚҰМУ-дің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Бауыржан Жүсіпов.

 

Пікірлер