Пандемиядан кейін экономикасын басқалардан тезірек қалпына келетірген бес мемлекет

3131
Adyrna.kz Telegram

Пандемиядан кейін экономикасын басқалардан тезірек қалпына келетірген бес мемлекет.

1) Дания

Пандемияның басында Дания билігі мектептерді және ұйымдардың көпшілігін жауып, әлеуметтік қашықтықты жылдам енгізіп, короновирустың таралуына қарсы жедел әрі батыл шаралар қабылдай білді.
Дания елінде Наурыз айының ортасында барлық шетел азаматтары үшін елге кіруге тыйым салынып, бұл қадамдары COVID-19 қарсы оң нәтижесін берді. Бұл қабылданған шешімдердің тиімді көрініс табуына, Дания еліндегі жемқорлықтың төмендігі мен халқының билігіне деген сенімі болып табылады.

2) Сингапур

Сингапур коронавирустың таралуын тежеу үшін қажетті шараларды шапшаң қабылдап, карантин шарттарын мұқият сақтап, нәтижесінде аурушаңдықтың өсу қарқынын ушықтырмай баса білді. Сингапур мемлекеті сыбайлас жемқорлықтың төмендігімен, экономикалық тұрақтылығымен, жақсы инфрақұрылымы мен ерекшеленеді.

3) АҚШ

Қазіргі уақытта Америка COVID-19-дан ауырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша көш бастап тұр, алайда сарапшылар жақын арада Құрама Штаттар осы апатты жеңе алатынына сенімді. АҚШ билігі экономиканы тұрақтандыру үшін бірқатар жедел шараларын қабылдады, оның ішінде дертпен күрес үшін $2 трлн. Қаражат бөлуі, ел ішіне тұрақтылық әкеліп, халқының қалыпты өмірге оралуға көмектеседі деп күтілуде. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ экономикасы V-тәрізді дамуды күтуде: алдымен – күрт құлдырау, содан кейін – 2020 жылдың екінші жартысында қайта қалпына келуі.

4) Жаңа Зеландия

Бұл елдің де билігі наурыз айының соңында шетелдіктерге шекараны жауып, бірқатар кәсіп орындардың жұмысын тоқтатып, пандемияға қарсы жедел әрекет етті. Жаңа Зеландия үшін корпоративтік басқару мен жабдықтаудың жоғары деңгейі тән. Қиындықтар экспорт көлемінің төмендеуімен туристік ағымның төмендеуінен туындауы мүмкін, өйткені бұл салалар – ел экономикасының негізгі құрауыштары. Экономистердің бағалауы бойынша, Жаңа Зеландияның экономиканы қалпына келтіру мүмкіндігі өте жоғары. Бұған мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі мен ең төменгі пайыздық мөлшерлемелер ықпал етеді.

5) Руанда

Пандемиядан кейін экономиканы тез қалпына келтіруге қатысты кенеттен жоғары көрсеткіштерді Африка елдерінің бірі – Руанда көрсетті. Ол осындай өлім-жітімге қарсы күрес тәжірибесі бар елдің бірі болып табылады. Руанда билігі 2019 жылы Эбола безгегі таралуына төтеп беріп, ауруымен жүйелі күресе білген. Бәлкім, содан болар Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан африкалық елдер арасында Руанда толық карантин енгізуде алғашқылардың бірі болды. Мұнда жалпыға бірдей денсаулық сақтау жүйесі дамыған. Сарапшылар елдің COVID-19 салдарын тез жеңетініне сенімді.

Дайындаған: Бекзат Болатұлы

Ақпарат https://mobile.mt5.com/ru/photonews/12340 сайтынан алынды

Пікірлер