Өз өміріңді сүре біл...

6421
Adyrna.kz Telegram

Өміріме ең қажетті кеңесті жасы менен әлдеқайда үлкен суретші әйелден алдым.  Ол кезде менің жасым жиырмадан асқан етін, мен оған шығармашылықпен айналысуға үлгермейтінімді айтып шағымдандым: үш жұмысым бар, өмірім өте күрделі, бірге тұратын көршілерім де көп, жұмысым бастан асады, ештеңеге алаңдамай, тыныш отырып шығармашылықпен айналысқым-ақ келеді, бірақ ешқашан уақыт жетпейді...

Ол мені үнсіз тыңдап болып, сұрақ қойды:

–  Өзің армандаған-мыс өмірді сүру үшін, сен неден бас тартуға дайынсың?

Мұндағы назарым түскені «мыс» дегені болды.

Ішкі жан дүнием өртеніп сала берді. Жерге кірердей болдым. «Армандаған-мыс» дегені қалай? Жазу өнері – менің өмірімнің мәні екендігін барлығы біледі ғой.

«Егер бүкіл өмірің мүлдем басқа жұмыс пен мақсатқа тиесілі болса, жазу өнері –  менің өмірімдегі ең маңызды дүние» деген кейіпті танытудың қажеті қанша?, - деді ол.

Терең тыныс алып үн қата бергенім сол еді, ол бірден:

–   Сенің үш жұмысың бар делік. Ал сүйікті сериалың қандай?

–   Клaн Сoпpaно.

–  Бүгіннен бастап теледидар қараудан бас тартасың. Клан Сопраноның өмірін қадағалауға уақытың бар, ал өз өміріңді сүруге уақыт жоқ па?

– Үнсіз қалдым.

– Достарыңмен қандай кафеге барасың? Оның да атын ұмыт. Сүйікті журналың қандай? Болды, сен енді оны да оқымайсың.

Маған оның айтқан кеңесі ұнайды. Оның айтқандарында «Сен өзіңнің қалағаныңның барлығын да ала аласың» деген алданыш сөздер жоқ. Ала алмайсың. Күн сайын сенің жасап жатқаның – сенің өміріңді құрайды. Егер сенің арманыңның күнделікті тіршілігіңде орны болмаса, онда арманыңнан да маңызды нәрсе бар болғаны.

Өзіңді түсінудің жалғыз жолы – өзіңді алдауды доғару.

Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар. Ал осы уақытта мен үшін маңызды не, маңызды емес ше?

Тек осы сұраққа шынайы жауап беру арқылы ғана уақытың мен күшіңді жинақтай аласың. Өзіңмен-өзің болу үшін...

 

Мәтін Вконтакте парақшасындағы топтан алынды,

Авторы белгісіз

Орыс тілінен аударған: Жансая Сман

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер