“Нурикамал, Камалым-ай”. Бүгін - ақын Ханбибі Есенқарақызының туған күні

5682
Adyrna.kz Telegram
фото: Nege.kz
фото: Nege.kz

Бүгін, 30 маусым - ақын, журналист, ел аузында жүрген есті ән “Нурикамал” әнінің сөзін жазған Ханбибі Есенқарақызы 75 жасқа толды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ханбибі Есенқарақызы 1949 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастады.

1971 – 1976 жылдары Сарыағаш ауданы «Қызыл ту» газетінің қызметкері, 1976 – 1980 жылдары облыстық телерадио комитетінде редактор, 1980 – 1987 жылдары халық шығармашылық облыстық орталығында бас маман, 1987 – 1993 жылдары облыстық «Қайырымдылық» қорының төрайымы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, облыстық мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

1994 жылдан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры. «Қанат қақты», «Бұлтсыз аспан», Жұлдызым», «Жангүлім», «Жан айқайы», «Махаббат мәңгілік», «Жыр кітабы», «Сыр кітабы», «Шындыққа қарай жүздім мен»атты прозалық кітаптардың авторы. ҚР еңбек сіңірген қызметкері болды.

Ханбибі Есенқарақызы әуезді әнімен де, үйлесімді сөзімен де, шығу тарихымен де үлкен танымалдылыққа ие болып, әлі күнге дейін ел аузында жүрген “Нурикамал” әнінің сөзін 1988 жылы жазды. Ал әуенінің авторы, өзінің жұбайы - Тұрдықылыш Ізтаев.

Ән Тұрдықылыш Ізтаевтың Нурикамал есімді қызға ғашық болуынан туған екен. Ол кезде отбасының үш баласы болған.

Есенқарақызының айтуынша, ол бір күні жарының пианино жанында отырғанын көреді. Ол кезде өнерпаз жарының Нурикамал есімді бойжеткенге ғашық болып қалғанын білген. Сол сәтте жарының атынан Нурикамалға өлең жазып, "Айтқың келгені осы ма еді?" деп, өлеңді күйеуіне әкеліп берген екен.

Сол сәтте қазақ әнінің қоры "Нурикамал" туындысымен толықты.

Пікірлер